Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ВЕГЕТО-ҚАНТАМЫРЛЫҚ ДИСТОНИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет604/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   600   601   602   603   604   605   606   607   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

9.7. ВЕГЕТО-ҚАНТАМЫРЛЫҚ ДИСТОНИЯЛАР
Вегето-қантамырлық дистониялар (ВКД) 

 жүрек, қантамырлар, басқа ішкі ағза-
лар, ішкі секреция бездерінің орталық және шеткі нерв жуйесінің құрылымы мен жұмы-
сының біріншілік немесе екінішілік өзгерістеріне байланысты шығатын вегетативтік
реттелулерінің бұзылыстарымен сипатталатын функциялық патологиялық хал-
жағдайлар.
Балаларда, әсіресе мектеп жасындағыларда, жиі кездеседі, таралу жиілігі шамамен
20%-ға тең. ВҚД-ны «вегетативті дисфункция», «вегетативті невроз», «вегетативті дисре-
гуляция», «нейроциркуляторлық дистония», «гиперкинетикалық синдром», «дисвегетоз»
деген басқаша көптеген терминдермен атай береді. Алайда, оны «нейроциркуляторлы
дистония» (НЦД) деп кардиологтардың атауы – ВҚД-ның жүрек-қантамырлық жекеленген
вариантына теңеу. Клиникада оның гипертензиялық және гипотензиялық түрлерге бөледі.
Сондықтан да, ВКД деген термин НЦД-ға қарағанда, әлдеқайда кен мағына беріп, жүрек,
қантамырлардан басқа да ағзалардың дерті барын қоса түсіндіреді.
9.7.1. АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПОТЕНЗИЯ
Артериялық қан қысымының қалыптан төмендеуін
соңғы кезде
гипотония
демей
(артериялық қан тамырының тонусы төмендеуімен емес)
,
гипотензия
(қанның сұйық бөлігінің артерия қабырғасына түсіретін қысымы)
деп
588


дәлірек аталатын болды. Артериялық гипотензияның (Аг) Қазақстанда мектеп жасындағы
балалар арасында тарау жиілігі 1979 ж. – 3,3% (В.В. Қожанов), 2001 ж. – 9,7% (Қ.Б.
Абдрахманов). Статистика бойынша, Аг жиілігі кейінгі жылдарда жиілей түсуде. Ересек
адамдар арасындағы гипотензиялар мен олардың асқынулары бала кезінен басталатын Аг
салдары екені анық белгілі болып отыр. Нейроциркуляторлық дистония, вегетативтік
тамырлық дистонияның гипотониялық түрі деген анықтамалар артериальдық
гипотензияның алғашқы сатылары болып есептеледі; кейбір зерттеушілердің
көзқарасынша бұл түсініктер жалпы бір мағынаны білдіреді.
Н.С. Молчанов жіктеуі бойынша (1966)
Аг 1) физиологиялық; 2) патологиялық деп
екіге бөлінеді.
Физиологиялық Аг-ның: 
а) жеке-дара өз басына сай түрі (қалпы); б) жоғары дәрежеде
дамыған бұлшыкеттер гипотониясы (спортсмендерге тән); в) адаптациялық (бейімделу)
варианты деп үш түрін ажыратады.
Патологиялық Аг:
а) нейроциркуляторлық (біріншілік) гипотония – тұрақсыз, анық
тұрақты (гипотония ауруы), ортостатикалық синдроммен ұштасатын; б) симптоматика-лық
(екіншілік) гипотония – жедел ағымды, созылмалы, орнықты ортостатикалық синдроммен
жүретін түрлерге бөледі. Симптоматикалық Аг эндокриндік (Адисон ауруы), бүйрек
ауруына, іштен біткен жүрек акауларының кейбіреулеріне тән болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   600   601   602   603   604   605   606   607   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет