Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ӨТ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ДИСФУНКЦИЯСЫН (ӨШЖД) ЕМДЕУ



Pdf көрінісі
бет656/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   652   653   654   655   656   657   658   659   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ӨТ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ДИСФУНКЦИЯСЫН (ӨШЖД) ЕМДЕУ
ҚАҒИДАЛАРЫ (ЖОБАСЫ)
Емдік
шаралар
Дисфункция типі
Гипотониялық- гипокинетикалық
Гипертониялық- гиперкинетикалық
Емдәм
Певзнер бойынша №5 емдәм. Өт 
айдайтын қасиеті бар, өсімдік 
клетчаткалы өнімдер 
Певзнер бойынша №5 емдәм; 
механикалық, химиялық 
тітіркендіргіштерді, майларды шектеу.
Нейтротропты 
заттар
Антидепресанттар (фенибут, ме-
липрамин), кофеин, элеутерококк 
пантокрин, женьшень және т.б.
Седативті әсерлі: транквилизаторлар 
(сибазон, нозепам), новокаин
Спазмолитика-
лық препараттар
Қолдануға көрсеткіштері жоқ
Спазмалитиктер (Папаверин, но-шпа, 
одестон); холинолитиктер (белладона, 
беллатаминал, минеральды сулар)
Жылы 
процедуралар
Тек өршу кезеңінде
Кең қолданылады
Емдік дене 
шынықтыру
Тағайындау кең көлемде-тонусты
жоғарлататын түрі
Аяушылық әдісі
Физотерапиялық
процедуралар
Қуаттандыратын типті: гальвани-
зация, диаденомотерапия, 
күкіртқышқылды магнезиямен 
электрофорез, балшықпен емдеу
Седативті әсерлі: новокаин, папаве-
рин, магний сульфаты электрофорезі; 
парафиндік және озокериттік аппли-
кациялар, Щербак бойынша жаға
Тюбаж (соқыр 
дренаж)
Кең қолданылады (аптасына 2-3 
реттен сирек емес)
Байқап тағайындау керек
634


Минеральды 
сулар
Жоғарға, орташа минеральды, 
дене температурасында магний 
сульфаты күніне 2 рет 300-400мл-
ден
Гидрокарбонатты-хлоридті-натрий, 
төмен минеральды, газы төмен, жылы 
күйде, күні 5-6 рет аз бөлікпен;
Фитотерапия 
Жүгері үлпегі, солмасгүл, зире, 
жалбыз, мыңжылдық
Шайшөп, түймедақ қайнатпалары
Өт коликасы ұстамасы кезінде мүмкіндігінше ерте ауырсыну синдромын басу. Ол
үшін ішуге 0,1% атропин (әр қабылдағанда әр жасына 0,5 таммшыдан) немесе белладонна
(1мг 1 жыл жасына) сығындысын (экстрактасын), папаверин, но-шпа, спазмалитин,
теофиллин немесе теобромин қолданылады. Тиімділігі толық байқалмаса, бұлшық етке
баралгин немесе платифиллин, атропин сульфаты, папаверин, ганглиоблокаторлардың
орташа дозасын егеді. Колика ұстамасы басылмаса, атропинмен қосып промедол немесе
пантопон жасалады. 
Созылмалы холециститте БЖДБ-ның түріне сәйкес жүргізілетін емдәм мен (жедел
кезінде тұз, май және ақуызды шектеп механикалық аяушы) және симптоматикалық еммен
қатар, өршу кезінде никодин немесе оксафенамид, циквалон, фуразолидон тағайындалады.
Витаминотерапия (жедел кезеңде А, С, В
1
, В
2
, РР, одан кейін В
6
, В
12
, В
15
, В
5
, Е
дәрумендері) міндетті түрде жүргізіледі. 
Өттас ауруында литолитикалық заттар (негізіне холестериндік өт тастарында) –
урсофальк (10 мг\кг), литофальк (7 мг\кг) 6-24 айдан курс ретінде қолданылады. Бұндай
ем көмектеспесе, холецистэктомия жасалады.
Диспансерлік бақылау БЖДБ-да 1 жыл бойына жүргізіледі. Аяушылық емдәм,
физикалық салмақты шектеу, ЕДТ жүргізіледі. Жергілікті санаторияларда емделу керек, ал
3 айдан кейін минеральды сулары бар (Старая Русса, «Минеральные воды», Ессентуки,
Нальчик) бальнеологиялық курорттарда емделу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   652   653   654   655   656   657   658   659   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет