Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
Балалар емханасы (поликлиникасы). Балалар емханасы – ауруханадан тыс қызмет
көрсететін, 15 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық көмек көрсетуді
ұйымдастыратын емдеу-профилактикалық мекеме.
Емханада балаларды балалар дәрігерлері (педиатрлар) және басқа маман дәрігерлер
қабылдайды. Сонымен қатар, емханада лабораториялық, рентген және басқа түрлі
тексерулер жүргізіледі. Алғашқы ауырған балаларға, оның ішінде әсіресе, қызуы жоғары
және жұқпалы ауру екендігіне күдік бар ауруларды емхананың дәрігерлері мен орта буын
қызметкерлері медициналық көмекпен үйінде қамтамасыз етеді. Жазылғасын немесе хал-
жағдайы жақсарғасын, балалар дәрігерге емханаға келіп көрінеді. Сонымен қатар,
емханада сау балалар тұрақты бақылауға алынады. Дәрігерлер мен мейірбикелер сау
балаларды бір жасқа дейін ай сайын, содан кейін үш айда бір рет, ал үш жастан асқасын –
жылына бір рет тексеруден өткізеді. Бұндай бақылаудың негізгі мақсаты – аурудың алдын
алу болып табылады. Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері ата-аналарға
балаларды тәрбиелеу, тамақтандыру және күтім жасау мәселелері жөнінде кеңес береді.
Ал, барлық балалар диспансерлік есепте тұрады да, жүйелі түрде педиатрлармен
және басқа маман дәрігерлермен тексеріліп тұрады. Көптеген балалар ауруханаларында
орталандырылған тәулік бойы көрсетілетін жедел көмек жұмыстары ұйымдастырылған.
Балалар поликлиникасында (емханасында) негізгі педиатриялық бөлімшелер,
мамандандырылған кабинеттер, яғни, құлақ, тамақ, мұрын ауруларының маманы
(оториноларинголог), офтальмолог (көз ауруларының маманы), невропатолог (нерв
жүйелерінің ауруларының маманы), ортопед (дене мүшелерінің кемтігін емдейтін маман),
травматолог (сынықтарды емдейтін маман), хирург (хирургиялық ауруларды емдейтін
маман), стоматолог (ауыз қуысының ауруларын емдейтін маман), кардиолог (жүрек
ауруларының маманы), эндокринолог (ішкі секреция бездері ауруларының маманы) және
т
. б. қызмет істейді. Сонымен қатар, диагностикалық кабинеттер, физиотерапиялық және
емдік дене тәрбиесі кабинеттері, емшек сүтін жинақтау бекеті болуға тиісті.
Әрбір емханада алдын ала егу, емдік егу және басқа емдеу шаралары орындалатын
процедуралық кабинет жұмыс істейді.
Емханада жүргізілетін негізгі іс қағаздары «Балалардың даму тарихы» болып
табылады. Тарихтар тіркеу бөлімінде (регистратурада) сақталады (қазіргі уақытта
балалардың даму тарихы ата-аналарына таратып беріледі). Балаларды қабылдауды дұрыс
ұйымдастыру осы бөлімнің жұмысына байланысты. Тіркеу бөліміне жұмыс істеуге және
есеп-статистикалық жұмыс жүргізу үшін кіші және орта буын медицина қызметкерлері
қатыстырылады.
Балалар емханасында кең түрде санитарлық ағарту жұмысы жүргізіледі. Ата-
аналарға аурулардың алдын алудың ережелерін үйретеді. Жас нәрестелерді бақылауға
(патронажға) шын ілтипатпен көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстарға дәрігерлер және орта
медицина қызметкерлері үлкен белсенділікпен қатынасады. Егу күнтізбегіне сәйкес егу
жұмыстарын жүргізеді.
Соңғы кезде қалаларда