Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


КЕҢЕСТІК-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЕМХАНАЛАР



Pdf көрінісі
бет70/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

КЕҢЕСТІК-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЕМХАНАЛАР
ұйымдастырылып, олардың құрамында педитриялық, терапиялық, акушерлік және басқа
бөлімшелер қарастырылған. Бұл мекеме болашақта отбасылық медициналық көмек
көрсету жүйесіне аусудың басы болса керек.
ДИСПАНСЕР. 
Әртүрлі топтағы аурулармен ауыратын науқастарды алдын ала (ерте)
айқындауды, оларды тіркеп және есепке алуды, диагнозын анықтау үшін тексеруді,
мамандандырылған көмек көрсетуді, олардың денсаулығын белсенді арнайы жүйемен
бақылауды, аурулардың алдын алудың керекті шараларын дайындап және оларды іске


асыруды ұйымдастыруға арналған емдеу-профилактикалық мекеме. Балаларға диспансер-
дің балалар бөлімшелерінде қажетті көмек көрсетіледі. Денсаулық сақтау мекемелерінің
номенклатурасы бойынша диспансерлердің төмендегідей түрлері болады. Туберкулезге
қарсы күресу, онкологиялық, психоневрологиялық, емдеу дене тәрбиелік және басқалар.
Осыған ұқсас қызметтерді балалар ауруханасында әдейі бөлінген мамандандырылған
орталықтарда атқара алады: кардиоревматологиялық, гастроэнтерологиялық,
пульмонологиялық, генетикалық, гематологиялық және басқалар. Бұл мекемелердің
жұмысында, ауруларды есепке алатын, іс қағаздарын жүргізетін, дәрігерге ауру
қабылдауға көмектесетін, ауруларды үйлерінде бақылау жүргізетін, санитарлық ағарту
жұмыстарын жүргізетін орта буын медицина қызметкерлерінің еңбектерінің маңызы зор.
БАЛАЛАР САНАТОРИЯСЫ.
Ауру балаларға емдеу мен реабилитациялық және
жалпы сауықтыру шараларында көбінесе табиғаттың физикалық әсерлерін, емдік
тағамдар, емдік дене тәрбиесімен және физиотерапиялық тәсілдерін тиісті емдеу, еңбек
(мектепте оқу) және демалыс тәртіптерін сақтай отырып, пайдаланылатын емдеу-алдын-
алу стационарлық мекеме. Соңғы мерзімде санаторий және курорттың қызметтерінің
маңызы ұлғайып келеді.
Балалар санаториясы мамандандырылған курорттық зоналарда ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, жергілікті санаторийлар (олар қаланың сыртында, жақсы микроклиматы
бар жерлерде орналастырылады) болыпта бөлінеді. Балалардың ата-аналарымен бірге
емделуін және демалуын ұйымдастыруға да үлкен көңіл бөлінеді. Бұндай жағдайларда
балаларды емдеу ана мен балаға арналған санаторийлар мен пансионаттарда, мектептегі
демалыс уақытында әдейі ана мен балаға арналған бөлімдер ұйымдастырылып, санаторий-
профилакторияда жүргізілетін емдеу және демалыс шараларына үлкен көңіл бөлінеді.
БАЛАЛАР ҮЙІ.
Жетім балаларды, сонымен қатар тастап кеткен және дене
құрылысының немесе психикалық жетілуіне зақым келген балаларды асырап күтуге,
тәрбиелеуге және медициналық көмек көрсетуге арналған мекеме. 
БӨБЕКТЕР ҮЙІ
– 3 жасқа дейінгі тастамды немесе ата – қамқорлығысыз қалған
балалар тәрбиеленетін денсаулық сақтау мекемесі. Олардың қуаты 30–100 керуеттен артық
болмауы керек. Жастарына байланысты – емшек жасындағы балалар, кішкене, орташа
және үлкен топтар болып бөлінеді. Бөбектер үйінен ата-анасы балаларды алып кеткенде,
басқа балалар асырап алғанда шығарылады. Олар 3–4 жасқа толғанда халыққа білім беру
министрлігінің немесе саяси қамсыздандыру министрлігінің (жарымжан балалар үшін)
балалар мекемесіне ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет