Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет750/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   746   747   748   749   750   751   752   753   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық
белгілері
өмірінің алғашқы сағаттарында білінеді. Әдетте, қан кету ауыр болмайды, бірақ
бас сүйегінің ішіне қан кетулер суртеттелген.
Диагноз
клиниклық-лабораториялық
мәліметтер, анасында антитромбоцитарлық аутоантиденелер, ал анасы мен балада
711


аутотромбоциттерге сенсибилизацияланған лимфоциттердің анықталуына негізделген.
Сауығу 5-12 аптадан кейін байқалады. ИТП-ға ауысу 1-3% байқалады.
ИДИОПАТИЯЛЫҚ ТРОМБОЦИТОПЕНИЯЛЫҚ ПУРПУРА
 
(ИТП)

гемостаздың
тромбоцитарлық звеносының алғашқы сандық және сапалық жетіспеушілігінен
дамитын ауру
.
Этиопатогенезі:
ИТП – тұқым қуалауға бейімділігі бар қан ағу тромбоцитарлық
звеносының сандық (тромбоцитопения) және сапалық (тромбоцитопатия) жетіспеушілігі-
не байланысты. Ауру ЖРВИ, қызылша, қызамықтан, алдын-ала егулерден (әсіресе, тірі
әлсіретілген вирусты – қызылшаға, полимиелитке, паротитке қарсы вакциналардан соң),
физикалық, психикалық жарақат және басқа да сыртқы факторлар әсерінен макрофагтар-
дың қорыту функциясын бұзып, иммунопатологиялық процесстің дамуына әкеліп,
антитромбоцитарлық аутоантиденелердің түзілуіне ықпал етеді. Қазіргі көзқарасқа сәйкес
ИТП-ға әруақыт-тада иммунопатологиялық процесс әкеледі, сондықтан оны иммунндық
және иммундық емес түрге бөлу тиімді деп есептелмейді. Антиденелер (иммуноглобулин-
дердің G классы) мембраналардың құрылымдық белоктарына қарсы түзіледі. Тромбо-
циттер деструкциясы, антитромбоцитарлық антиденелер түзілетін талақта жүреді. ИТП
-да тромбопоэз арытқан болып келеді, оның куәсі ретінде қанда мегатромбоциттердің көп
болуы келтіріледі. Тромбоциттің ангиотрофикалық қызметінен жойылған тамыр
эндотелийі дистрофияға ұшырайды, бұл спонтанды геморрагияға әкеледі. ИТП байқала-
тын науқастарда коагуляцилық звеноның бұзылуы (тромбопластин түзілуінің қарқыныны-
ңың төмендеуі, фибринолиздің артуы) тромбоцитарлық жетіспеушілігіне қарағанлда
екіншілік болады. Тромбоцитопатия науқас балаларда аурудың барлық кезеңінде
байқалады, тіптен томбоциттер саны қалыпты болғанда да, спленоэктомиядан кейінде . 
Жіктелісі.

Ағымы бойынша ИТП-нің


жедел
(6 айға дейін) және
созылмалы
түрлерін (6-7 айдан көп болса) бөліп көрсетеді. Созылмалы түрі сирек рецидивті, жиі
рецидивті, үзілісіз рецидивті болып бөлінеді. 
Ауру кезеңі бойынша
өрші (қозу) немесе криз, клиникалық ремиссия (сауығу) –
тромбоцитопения сақталып, клиникалық көрінісі жойылған және клиникалық-
гемотологиялық ремиссия.
Клиникалық көрінісі
бойынша «құрғақ» (тек терідегі геморрагиялық синдроммен
білінеді) және « ылғал» (пурпура қан кетумен қосарланады) пурпураны бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   746   747   748   749   750   751   752   753   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет