Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Өкпенің лимфоцитарлық гиперплазиясы мен лимфоцитарлық



Pdf көрінісі
бет876/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   872   873   874   875   876   877   878   879   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Өкпенің лимфоцитарлық гиперплазиясы мен лимфоцитарлық
интерстициальдық пневмонит
– преднизолон тағайындау көрсеткіші (тәулігіне 1-2
мг/кг есебінен, 2-4 апта бойына) болып келеді. 
Пневмоцисталық пневмония.
ВИЧ-ке ұшыраған балаларда (ЖИТС аурулары
немесе СД
4
-лимфоциттері саны қанның 1 мкл-де 400-ден кемдері) алдын-алу үшін
триметоприм (75 мг/м
2
) мен сульфаметоксозил (375 мг/м
2
күніне 2, аптасына 3 рет) немесе
қанға пентамидин (4 мг/кг айына 1-2 рет) беруге болады. Үлкендерде пневмоцисталық
пневмонияның алдын-алу үшін пентамидин аэрозоль түрінде қолданылады, бұл әдіс
тиімділігі балаларда әлі анықталған жоқ.
Пневмоцисталық пневмониямен ауырғандарды емдеу үшін триметоприм (20 мг/ кг)
мен сульфаметоксозил (100 мг/кг) қоса тағайындалса, бұл мөлшер 4-ке бөлініп 2-3 апта
814


бойына ішуге беріледі (бұны көтермеген жағдайда осы мөлшерде қанға жібереді) немесе
пентамидин 4 мг/кг (қанға 2 бөліп 12 сағат) есебінен бұл да 2-3 аптаға тағайындалады.
Пентамидиннің жанама әсерлеріне қан қысымы төмеңдеуі, жүрек аритмиялары, құсу,
қандағы мегалобластық өзгерістерлейкопения, алмасу бұзылыстары (гипогликемия, ги-
покальциемия, гиперкалиемия), тері бөртпелері тіпті Стивенс-Джонс сиңдромына дейінгі
көрініс жатады. Триметоприм мен сульфаметаксозол асқынулары: фолий қышқылы
кемістігі (асқорыту жолдарының бұзылысы, гипотрофия, лейкопения, мегалобластық
анемия және т.б.), метгемоглобинемия, гемолитикалық анемия, метаболикалық ацидоз,
олигурия мен лейкоцитурия -сульфаниламидтердің бүйрек өзекшелеріне тұнуы себебінен.
Осы жағдайларды ескеріп, кейбір асқынулардың алдын-алу үшін екі дәріні қабылдау
кезінде балаға фолий қышқылы (лейковорин) күніне 5 мг, ішуге берілуі тиіс.
Герпес-инфекция жүрісі
жайылмалы ми бұзылыстары, пневмониямен ерекше-
леніп, ацикловир (зовиракс) тағайындау көрсеткіші болады; бұл дәрі герпес вирустарының
І-ІІ-типі – тимидинкиназа ингибиторы, бұл желшешек, оралмалы герпеске (герпес
вирусынын ІІІ-типі) де қатысты. Энцефалитте дәрі қанға тамшымен 5-10 мг/кг есебінен
тәулігіне 3 рет (8 сағат сайын) 10-21 күн бойы беріледі. Женіл ағымында осы мөлшерде
ішуге де берілуі мүмкін. Сәбилер мен нәрестелерде жанама әсерлері өте сирек кездеседі,
бірақ үлкендер мен ересек балаларда энцефалопатиялық әсерлер, бас ауыруы,
артериальдық гипотензия, диспепсиялық өзгерістер, қанаққыштык жоғарылауы және аздап
иммунодепрессия байқалады. Ацикловирден көмек болмаса, герпетикалық энцефалитте
қанға 10 күн бойы видарабин (15 мг/кг есебінен тамшылатып 12 сағат бойы) жібереді.
Жанама әсерлері жоғарыдағыдай, бұған гемопоэз тежелісі қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   872   873   874   875   876   877   878   879   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет