СОМАТОТИПТІ АНЫҚТАУ Р. Н. Дорохов пен М. М. Баурах схемалары бойынша сау балалар (семіру және
гипотрофия белгілері жоқ) дене даму деңгейі бойынша 3 түрге бөлінеді: микросомальды,
мезосомальды, макросомальды. Баланың қай түріне жататыны дене ұзындығы, салмағы
және кеуде шеңберінің центильды шкала бойынша аймақ немесе «коридорларының»
реттік сандарының қосындысына байланысты аныкталады. Осы қосынды көрсеткіштері
10-ға дейін болған балалар микросомальды (орташадан төмен), 11
– 15 аралығындағы
мезасомальды (орташа) және
16–21 аралығындағы макросомальды даму деңгейінде деп
есептелінеді. Яғни, Л. 9 балл жинаған, Н. 18 балл жинаған. Демек, Л. дене дамуының
микросомальды, ал Н. макросомальды түріне кіреді.
ДАМУДЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН (ГАРМОНИЯЛЫҒЫН) АНЫҚТАУ Бұл да центильді кестелердің көрсеткіштері бойынша анықталады. Егер аймақ
(коридор) бойынша 3 көрсеткіштің үлкенімен кішісінің айырмашылығы 1-ден аспаса –
тепе-тең (гармониялық) даму, егер 2 болса – тепе-теңдіксіз (дисгармониялы), ал егер одан
жоғары болса – орескел тепе-теңдіксіз (дисгармониялы) даму деп табылады. Л. атты
балада тепе-теңдіксіз (дисгармониялық) даму, яғни кеуде қуыс шеңберінің және бойының
айырмашылығы 2-ге тең. Л. атты қыз балада тепе-теңдікпен (гармониялық) даму, яғни
барлық бағалары 6, айырмашылығы 0.
ДЕНЕ САЛМАҒЫ МЕН ҰЗЫНДЫҒЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУ Шамамен баланың қоңдылығын білуге мүмкіндік береді. Арнайы топтағы кестелер
пайдаланылады. Бұл кестелер әртүрлі жастағы топтарда кеңінен қолданылады.
Кестелердің жолдары дене салмағының центильді қатарының белгілі ұзындығы мен бойға
қатысатын болып табылады. Жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай бұл жағдайда
табылып отырған салмақ саны бірінші коридорда (3 центильге дейін) болса – «өте темен»
қоңдылық (тамақтану), 2 коридор тұсында болса (3-тен 10 центильге дейін) – «төмен»
және 3 коридор тұсында болса – ортадан төмен қоңдылық деп есептелінеді және т. б.
Салмақтың статистикалық антропометриялық бағасы тамақтанудың клиникалық
бағалануымен дәл келетінін ұмытпау керек.
Сонымен, Л. атты ер баланың
№ 5 кесте бойынша бойы № 4 коридорға (25–75
центиль) кіреді, яғни «орташа» немесе бойы қалыпты болып есептелінеді. Ал, Н. атты қыз
баланың салмағы
6 кесте бойынша № 6 коридорға (75–90 центиль) кіреді, яғни ортадан
жоғары.