Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
1 айда: Үлкен
адамның әңгімесіне алғашқы жымиюы. Етпетінен жатып басын көтеруге, жылжып ұстап
тұруға тырысады.
2 айда: Ілулі
тұрған ойыншықтарға қарайды, қозғап жылжыған ойыншықтарды қарайды. Олармен
сөйлескенде жауап ретінде тез жымияды.
3 айда: «Тірілу
комплексі» пайда болады – жымияды, қол-аяғын қатты қозғайды, ересектермен
сөйлескенде дауыс-дыбыс шығарады. Білегіне сүйеніп етпетінен бірнеше минуттай
жатады және басын жақсы ұстайды.
Денесін тіке ұстағанда басын жақсы ұстайды. Қолтығынан демегенде ұршық
буыннан бүгілген аяғын қатты итеріп тұрады.
I –
II сатыларда (2 –
3 жетіден бастап) баламен өткізетін сабақ :
Баланы еркелете сөйлеп, алдымен тіке тұрып, сосын бетіне тақап еңкейіп, өлең
айтады. Төсегін айнала жүріп – оның көзін тоқтатып, содан кейін қадағалап, дауыстың
шыққанын анықтау мүмкіндігін дамуына әсер етеді. 3 айлығында күлдіріп, көңіл күйінің
көтеріңкі болуына ықпал жасайды.
Әрбір тамақтандыру мен ұйықтар алдында, ал 2–3 айында және ояу кезінде баланы
етпетінен жатқызу керек, ауық-ауық өкшесінен алақанымен итеріңкіреп, еңбектеу (Бауэр
бейнелісі) мүмкіншілігінің дамуына әсер етеді. Баланы алдымен қолға көлденең жатқызып
алады, ал сезім билеу тонусын көтеру және басын көтеріп тұру мақсатымен 1–1,5
айлығынан тікесінен қысқа уақыт ұстайды. Кеудесінен 70 см алшақтықта ірілеу ойыншық,
ал неғұрлым кішілеулері 50–60 см қашықтықта іледі. Көру, қадағалау, есту қабілетін
дамыту мақсатымен ілулі тұрған ойыншықты бір жағынан, екінші жағына жылжытады;
ойыншықты шылдырлатады. 3 айдың ортасынан бастап қол созуын, ұстауын дамыту үшін
ойыншықты қолмен қозғап ұстап алатындай етіп, төменірек іледі. Қол созуын, ұстауын
дамыту үшін қолданылатын ойыншықтар: түрі жәй, ірі, ашық түсті аздап боялған (әртүрлі
түстер баланы шаршатып жібереді), шылдырмақтар, шарлар.
ПІ-саты: 3 – 6 айда баланың сыртқы тітіркендіргіштерге жауабы көру, есту, қозғалу
әрекеттерінің жіктелуіне байланысты болады
(22-а сурет).