Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Гигиеналық дағдылардың қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет120/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Гигиеналық
дағдылардың қалыптасуы.
1,5 жасқа дейін баланы жуындырады. 2
жастағыларға қолды қалай жууды, сүртінуді түсіндіріп айтып отырады. Әр қалтасында
баланың бет орамалдары (бірнеше) болуы керек, қалай пайдаланатынын үйретеді. Бұл


жастағы бала мұнтаздыққа, тазалыққа дағдыланған, бірақ нық емес, ойын кезінде бала
түбекке отыруды ұмытып кетеді. Сондықтан, 1,5–2 сағат сайын және ұйқыдан тұрған бойы
есіне салып отыру керек.
2 жастағы баланы кеседен өзі ішуіне, түбекті дұрыс пайдалануға, сүлгінің орнын
білуге үйрету керек.
Арнаулы сабақтарды ұйымдастыру.
Оқу құралдары мен ойыншықтар, ойынның
көрінісі, сөйлеудің жетілуіне ықпал ететіндей болуы керек. Сюжетті ойындар үшін
қуыршақ аңдар, қуыршақ ыдыстарын, мүліктерін т. б. пайдаланылады. Балалар оларды
ауызына алатын болғандықтан, жууға болатын, жеңіл болуы керек. Заттармен жұмыс істеу
үшін дөңгелектер, шелек, құм құятын қалыптар, құрылыс материалдары т. б. керек.
Қозғалу - қимылын
дамыту үшін доп, баспалдақ, бөрене, төбешіктер т. б. керек.
Сабақты бөлмеде немесе таза ауада қыдыру кезінде өткізген жөн. Сөз сөйлеуді дамыту
үшін балаға заттарды көрсетіп, ойыншықтарды қимылдатып қозғай отырып, жәй
сюжеттерді әңгімелеп көрсетеді. Сөзді қайталап, мәнді етіп айтады және баланың жауабын
тексеріп отырады (Алақай, ертегілер т. б.).
МЫСАЛ САБАҚТАР:
1.
 
Өлең оқиды. Өлең тыңдауға жеңіл, олардың бойына адамгершіліктің ең асыл
қасиеттерін сәби кезінен дарытып, қалыптастыру, әр түрлі құбылыстарға, құстарға, жан-
жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру тәрбиесіне бағышталған болуы керек. Сондай-
ақ сәбилер тобына өлеңдерді оқи отырып ойнату, әңгімелесу, жұмыстарын жүргізу керек.
МЫСАЛЫ: Кіп-кішкентай қошақан
Өзі сондай момақан.
Томпаң-томпаң жүгіріп,
Секіргенін ұнатам
.
НЕМЕСЕ: Желдей жүйрік құлыншақ
Құстай ұшар құлыншақ
Қалсын халық ойланып
Берші маған бәйге алып.
НЕМЕСЕ: Әдемі ботам өзі
Тостағандай көзі 
Иіліп тұр мойыны
Қанбайды екен ойыны.
Өлеңді тыңдау қозының, ботаның, құлыншақтың қуыршақтарын көрсетіп, оны
«аймалап» өлең не туралы? Қозы, құлыншақ, бота әдемі ме? Ол қалай жүгіреді деген
сұрақтар беру арқылы баланың тілінің дамуына, сана-сезімінің өрістуіне ықпал ету керек:
«Добым менің, добым менің 
Өзің неткен көңілді едің.
Зымырайсың таңбайсың».
2.
 
Сезім, әсерленуді жетілдіру үшін әр аумақты, түсті, түрлі заттар, құрылыс
материалдарымен ойын өткізеді. Мысалы: Шариктерді түсі бойынша іріктеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет