Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Мақсат: Баланы заттың түсін атауға және бір түсті заттарды іріктеуге үйрету. Сабақтың барысы: І-вариант



Pdf көрінісі
бет121/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Мақсат:
Баланы заттың түсін атауға және бір түсті заттарды іріктеуге үйрету.
Сабақтың барысы:
І-вариант:
6—8 бірыңғай, бірақ әр түсті (қызыл, көк) шариктерді бір қорапқа
салады. Балада бір түсті шариктерді басқа қорапқа іріктеп салып, түсін атауын сұрайды.
ІІ-вариант: 
8—10 шариктерді қорапқа іріктеп түсі бойынша салады (көк, қызыл).
Мысал сабақ:
Шылдырмақтармен ойнау.
Мақсат:
Үлкен кеңістікте, кең жерде
өткізіледі. Қол-аяқ қимылдарының координациялары, арқаны жазу, жүгіру, белгі бойынша
қимылдар жасауға арналған жаттығуларды орындайды.
Құралдар: 
Әрбір балаға 2 шылдырмақтан, 20см биіктіктегі отырғышта тұрады.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1. Кіріспе бөлім.
Үйір «топ» болып бөлмеде жүреді. Тапсырма – «Шылдырмақты
табыңдар» (ойыншық балаға көрінетін жерде жатуы керек). Шылдырмақты қаттырақ
шылдырлатыңдар.
2. Негізгі бөлім. 
Жалпы жетілдіру мақсатындағы жаттығулар – шылдырмақты ұстап
тұрып, қолын алға көтереді, түсіреді – «шылдырмақты маған көрсетіңдерші» (4–5 рет
қайталайды). Қолды шынтағын бүккізбей көтеруді үйретеді, отырып аяғын созғызады,
денесін оңға-солға, солға-алға бұрғызады. Тәрбиеші баланың біресе оң жағына, бір сол
жағына шығып шылдырмақты «көрсет», «кәне» (4–5 рет) деп айтады. Шалқасынан
жатқызып, аяғын кеудесіне жақындатады (тізесін бүгіп), сосын төмен түсіреді,
шылдырмақты тізесіне соғып («тук-тук») 3–4 рет түрегеліп тұрып, қолын жоғары көтеріп
«шылдырмақпен бірге ойнаймыз, осылай» деп айтады, сосын қолын төмен түсіреді.
Орындықтың астынан еңбектеп өтіп, жатқан шылдырмақты алады (әр бала 3–4 реттен
кезек-кезек орындайды).
Қимылдап жүріп ойнайтын ойындар «Ана ойыншыққа дейін жүгіріп бар».
Ойынның ережесі. 
Бөлменің қарама-қарсысындағы орындыққа ойыншықтар қояды.
Тәрбиешінің қасындағы балалар «ойыншыққа дейін жүгіріп бар» деген белгіні естіген соң,
жүгіріп барып, шылдырмақты қолына алып, шылдырлатады. Келесі белгі:
«шылдырмақты» орнына қояды да тәрбиешінің жанына қайта жүгіріп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет