Зәр шығару жүйесі:
Түзге шығу жиілігі, ауырсынуы, түнде немесе күндіз зәр
тоқтамауы байқалмай ма, зәрдің мөлшері. Іштің және белдің ауруы, олардың сипаты,
иррадиациясы, ұзақтығы. Ісіну, пайда болған жері. Зәрдің түсі (ақшыл сары, қара қоңыр,
сары, «еттің жуындысы» түстес), зәрдің көбігінің түсі, тұнбасының түрі.
Эндокрин
жүйесі:
шаштың дамуы (шектен тыс және жынысына сәйкес емес
жерлерде дамыған, шашының түсуі, оның қаттылығы). Терінің өзгеруі (шектен тыс
тершеңдігі немесе құрғақтығы, дөрекіленуі, стрия (тілінулер). Дене салмағының өзгеруі
(семіру, арықтау). Тері асты шел майының орналасу ерекшеліктері. Дене ұзындығының,
дене пішімінің, дене пропорциясының өзгеруі. Алғашқы және екінші жыныстық
белгілерінің дамуы.
Нерв жүйесі және сезім мүшелері:
Тәртібінің ерекшеліктері. Көңіл-күйі
(эмоционалдық тонус), тітіркендіргіштігі. Ұйқысының ерекшеліктері (ұйықтап кетуі, ұйқы
тереңдігі, тыныш-сыз ұйқы, түнгі қорқыныштар, ұйқылы-ояу жүру). Сөйлеуінің дамуы,
кекештенуі. Басының ауруы, айналуы, тырысу, қай жастан басталады, сипаты. Жағымсыз
әдеттері (тырнағын жеу, стереотипті қимылдар, онанизм). Естуі, көруі, иіс сезуі. Мектепте
шаршауы, үлгерімі.
Осы аурумен ауру тарихы:
Бала осы аурумен алғашқыда қандай жағдайда ауырды.
Аурудың басталуына қандай әсерлер себебін тигізді (жүйкелік зақымдалу, физикалык
және ойлық шаршау, инфекция, тоңазу және т.б.). Аурудың басталуы: жедел, біртіндеп.
Аурудың даму барысы (жүйелігі, күшейуі, өзгерістері, өзгешеліктерінің әлсіреуі,
бегілерінің жойылуы, жаңаларынан пайда болуы). Бұрынғы (үйде) жасалған емдік
шаралар және олардың тиімділігі.
Науқастын өмір шежіресі:
Баланың өмір шежіресі немесе «медициналық
өмірбаяны» оның өзіндік ерекшеліктерін және ауруын анықтауда үлкен іс атқарады. Өмір
тарихын анықтауды төмендегі ретпен жүргізген жөн:
Бала нешінші жүктіліктен туылған. Бұдан бұрынғы жүктіліктердің нәтижелері.
Соңғы жүктіліктің өрбуі (уыттың денеге жайылуы, ауруы, жарақаттануы, кәсібі, сырқаты).
Босанудың барысы (жедел, шапшаң, ұзақ, құрғақ, сусыз кезең, босану кезіндегі
әлсіздік, қолданылған шаралар), туылған күні. Күн жетіп туған, болмаса шала туған. Дене
салмағы, ұзындығы. Алғашқы айқалаған уақыты, туған кезде тұншығуы, сарғыштығы.
Кіндігінің түскен мерзімі. Неше тәуліктен кейін, қандай салмақпен перзентханадан
шығарылды.
Достарыңызбен бөлісу: |