мезгілі және қолдан қоректендіру себептері; Қоректенуге берілген сүт қоспаларының
түрлері; д) бір жасқа толғаннан кейінгі қоректенудің ерекшеліктері (жарамдылығы,
толықтығы, жүйелі, ретсіз).
Ауру баланың жүйке-іс әрекетінің дамуы:
а) жымиып күлген уақыты,
былдырлаған, уілдеген мезгілі, бірінші айтқан буындары, сөздері, бір жасқа толған кездегі
сөз қоры; б) бір жастан кейінгі дамуының негізгі мағлұматтары.
Баланың дене дамуы:
а) ай сайын дене салмағының өсуі; б) қай уақыттан бастап
басын ұстады: отыратын, тұра алатын, еңбектей, жүре алатын болды; в) бірінші тіс
шыққан мезгілі, бір жасында неше тіс шықты.
Ауырған науқастары:
қандай, қай жасында, аурудың сипаты, ерекшеліктері,
асқынуы, жасалған операциялар.
Отбасы жағдайлары:
пәтердің көлемі, лайықтылығы, сәйкестігі, от басының әл-
ауқаты.
Баланың күтімі, баланың іш киімдермен және төсекпен қамтамасыз етілуі. Баланы
серуендету, суға түсіру, күн тәртібі, ұйқысының ұзақтығының ерекшеліктері, сипаты.
Эпидемиологиялық анамнезі:
Жұқпалы және туберкулез ауруларымен науқас
адамдармен қарым-қатынасы. Алдына ала туберкулезге, көкжөтелге, күлге,
полиемиелитке, қызылшаға және басқа ауруларға қарсы егу.
Аллергиялық мәлімет (анамнез):
Баладағы аллергиялық аурулардың түрлері;
экссуда-тивтік диатез, ринит, демікпе және т.б. Қандай тағамдар және дәрі-дәрмектер
жағымсыз әсер етеді. Алдын ала сақтандыру үшін егілген дәрі-дәрмектермен (вакцинация,
гамма-глобулин) мен қаннан жасалған дәрілердің жағымсыз әсері. Туысқандарында
кездесетін аллергиялық аурулар.
Достарыңызбен бөлісу: