Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет145/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Везикула (vezicula

көбікше, көпіршік)
– терінің жоғарғы бетінде орналасқан,
деңгейінен, кішкене көтеріңкірек тұратын, ішінде серозды немесе қан аралас сұйықтық
бар, мөлшері 1–5 мм дөңгелек құрам. Пайда болу себебі терінің, әсіресе, эпидермистің,
едәуір ісінуіне байланысты. Көпіршіктің негізі, қуысы, қабығы болады.
Везикула бұзылғанда қабыршаққа айналып, кеуіп қалады немесе қабығы бұзылады
да, қуысы ашылып, эпидермистің бетінде ақау жасап, эрозияга (мүжілу) айналады. Эрозия
кейін пигменттелген жер қалдырып, қалдықсыз жазылып
 
кетеді. Егер көпіршектің
қуысында лейкоциттер жиналып, сұйықтық іріңдейтін болса, пустула (іріңді безеу) деп
аталады. Көпіршік теміреткіде, экземада, қара және жел шешекте (қарамықта) болады.
Күлдір (сулы) бөртпе (Вullа) 
– көпіршік сықылды элемент, бірақ одан мөлшері өте
үлкен (3–15 мм) болып келеді. Эпидермистің жоғары қабатында және астында орналасады.
167


Қуысы серозды қан аралас сұйықтыққа толы келеді. Күйгенде, жедел дерматитте, Дюринг
дерматитінде кездеседі.
Пустула (Іріңді бөртпе, pustula) – 
іріңді экссудатты қуысты элемент. Пустулаларды
беткей эпидермисте жататын беткейлі (импетиго – impetigo) және терең, дермада немесе
гипoдермада орналасатын, пустула деп бөледі. Пустулалар фолликулярлы (жиі
стафилококкты) және фолликулярлы емес (стрептококкты) болып бөлінеді.
 
ЕКІНШІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
Қабыршақ (sguamа) 
– эпидермистің түсіп қалып жатқан мүйізді қабыршақтарының
жиынтығы. Олар әр түрлі мөлшерлі болады: жапырақ тәріздес тілеу 5 мм-ден үлкен, 1–5
мм пластинкалы түлеу, өте ұсақ (кебек тәріздес) түлеу. Түсі сарғыштау немесе сұр болып
келеді. Кебек тәріздес түлеу теріні пудрлау туралы ұғымды еске түсіреді. Қабыршақтану
қызылшалық, қызамықтық бөртпелерде, псориазда, себорреяда байқалады.
Қабық (сrustа) 
– көбікшенің, іріңдіктің, серозды қан аралас немесе іріңді эрозияның
немесе жараның экссудаттарының кебуінен пайда болады. Қабық, оны құрауға қатысқан
экссудаттарға байланысты, іріңді (сары түсті), серозды (мөлдір немесе сұрлау реңді),
қанды (қоңыр түсті) болуы мүмкін. Түрлері бойынша қабық бірнеше қабатты, устрица
сияқты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет