Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Тіліну (жарылу, сызаттану, fissurae, rhagades)



Pdf көрінісі
бет146/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Тіліну (жарылу, сызаттану, fissurae, rhagades)
– қабынғандықтан, созылмалығын
жоюына немесе созылып кетуіне байланысты, терінің бітеулігінің жойылуынан пайда
болады. Әдетте сызық түрінде болады және мүйізді қабатта, немесе эпидермисте, немесе
дерманың жоғары қабатында орналасады.
Тыртық (cicatrix) 
– терінің бетінің терең мүкістігінде (зақымдалуында), тырнағанда,
пайда болатын талшықты дәнекер тін. Іріндеуге икемдеу келеді. Гипертрофиялық және
атрофиялық тыртықтар деп бөледі. Жаңа пайда болған тыртық қызыл немесе қызғылт
түсті болады да, уақыт өткен сайын түсін өзгертіп, қоңыр немесе қарақоңыр түстенеді.
Кейде терінің қалыпты түсін қабылдайды. Атрофиялық тыртықтардың бетінде кейде
телеангиоэктазалар пайда болады. Келлоидты тыртықтар, гипертрофиялық тыртықтардың
бір түрі бола отырып, үлкеюге бейім болып келеді
 
Эрозия
(кілегей қабықтың жолақтанып қызаруы, erosion) – терінің бетінің,
эпидермистің қабыну процессіне байланысты пайда болатын зақымдалуы. Эрозия көбіне
көбікшенің, көпіршіктің қақпағының жыртылуына, сонымен қатар, терінің қабаттарына
сәйкес былжырауына немесе басқа бөртпелік элементтерге, әсіресе, папулаға байланысты
пайда болады.
Жара (ойық жара, ulcus)
– кейде төменгі мүшелерге дейін жететін терінің
зақымдалуы. Бірінші реттегі элементтердің бұзылуына, лимфаның, қан айналысының. 
Дөңгелек эритема
немесе
анулярлық бөртпе
– нәзік, бозғылт-қызғылт, қисық
сақина тәріздес, көбіне денеде, іште, аяқ-қолдардың ішкі жағында, сиректеу бетте,
табанында орналасатын, қышыма бөртпе.
Кейбір жедел жұқпалы ауруларды, бөртпелердің сипаттамасы бойынша,теріні қарау
арқылы анықтауға болады. Мысалы: қызамықта қызғылт түсті теріде (мұрын-ерін
үшбұрышынан басқа жерде) кішкене нүкте тәріздес бөртпелер аурудың бірінші күнінде
пайда болады. Қызылша барлық денеде ұсақ немесе үлкен дақты бөртпелердің болуымен
және бөртпелердің негізгі бір сатылық заңдылыққа бағынумен сипатталады. Мысалы:
бірінші күні бетінде және мойында, екінші күні денесінде, қолдарында, үшінші күні
дененің қалған бөлімдерінде пайда болады 
(26- сурет).
Терідегі бөртпелерге сипаттама бергенде төмендегі ережелерді сақтау керек:
- бөртпенің пайда болу уақытын, орналасқан жерін, мөлшерін және санын (көппе, аз ба),
түрін және түсін анықтау керек;.
- бөртпе бар дене бөліктері түгел көрсетіледі, негізгі орналасқан аймақтар (басы, денесі,
аяқ-қолының, буындарының, іші немесе сырты, терінің ірі қыртыстары және т. б.);
168


- бөртпелердің саны бойынша бірең-сараң (толық саны көрсетіледі), көп емес
(қарағанда тез санауға болады), көп бөртпе (көп, санауға мүмкін емес);
- бөртпе мөлшерін ең жақсы дамыған және басым элементті миллиметр немесе
сантиметрмен өлшеп анықтайды;
- бөртпелер түрін дөңгелек, овальды, дұрыс емес (қисық), жұлдыз тәріздес және т. б. деп
анықтайды. Шеттерінің айқындылығын немесе айқын емес деп белгілейді;
- бөртпелердің түсіне ерекше көңіл бөлінеді.Қабынған бөртпелер қызыл реңді түсті бо-
лып, бозғылт-қызғылт түспен көкшіл-айқын қызыл түстің аралығында болуы мүмкін. 
Геморрагиялық бөртпелерге сипаттама бергенде олардың эволюция (даму)
барысында өзгеруіне байланысты көк, күлгін, қара-қошқыл (пурпурлы), көк түстер
қолдынылады.
Екінші реттегі бөртпелердің ерекшеліктерін көрсету керек: түлеудің сипаты және
орналасқан жері, қабықтың түсу мерзімі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет