Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет196/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Абсолютті тұйықтық
Жоғарғы қыры
3 қабырға
3 қабырға аралық
4 қабырға
Сол жақ сыртқы 
қыры.
Оң ішкі қыры.
Сол емшек және төс маңы сызықтарының аралығында.
Емшек сызығына 
жақын
Ортасында
Төс маңы сызығына 
жақын
Төстің сол жақ қыры
Тұйықталған аймақ-
тың көлденеңі (см)
2-3
4
5,5
Салыстырмалы тұйықтық
Жоғарғы қыры.
2 қабырға
Екінші қабырға-
аралық
3 қабырға
Сол жақ сыртқы 
қыры
Сол жақ емшек сызығынан
1 – 2 см сыртқары
Емшек сызығының 
бойында.
Оң жақ қыры
Оң жақ төс маңы 
сызығы.
Оң жақ төс маңы 
сызығынан сәл 
ішкерірек.
Оң жақ төс маңы сызығы-
мен төстің оң жақ
қырының ортасында.
Тұйықталған айма-
қтың көлденеңі (см).
6-9
8-12
9- 14
219


Әртүрлі ауруларда жүрек шектерінің өзгеруі мүмкін. Салыстырмалы жүрек
тұйықтығының сол жаққа қарай ұлғаюы: екі жармалы қақпақтың жарамсыздығында, аорта
қақпағының кемшілігінде, аорта саңылауының таралуында, аорта коарктациясында, ашық
тамыр өзегінде байқалады.
Салыстырмалы жүрек тұйықтығының оң жаққа қарай ұлғаюы.
Оң қарынша-
жүрекше саңылауының тарылуында, үш жармалы қақпақтың мүкістігінде, жүрекшелер
арасындағы перде толық жабылмағанда, өкпе тамырының жеке тарылуында, туа болған
күрделі ақауларда, өкпе тамырының тарылуымен бірге байқалатын Эйзенменгер
синдромында байқалады.
Салыстырмалы жүрек тұйықтығының жоғары қарай ұлғаюы.
Митральды
қақпақтың кемшілігінде, сол жүрекше-қарынша саңылауының тарылуында байқалады.
Қарынша арасындағы перденің мүкістігін-
де, диффузды миокардитте салыстырмалы
жүрек тұйықтығы сол және оң жақтарға
қарай ұлғаяды.
Аускультация.
Жүректі тексерудің басты әдістерінің бірі
(74 сурет).
Жүректі
тыңдауды, мүмкіндік болса, аурудың әр-түрлі қалпында өткізу керек (шалқасынан, сол
қырында, жатқанда, түрегеліп тұрғанда). Себебі, жүрек дыбыстары әр түрлі қалыптарда
түрлі естілуі мүмкін. Балаларда, үлкендердегідей, жүрек қақ-пақтарының ең жақсы
естілетін жерінен тыңдау қажет. Қос жармалық қақпақ жүрек ұшының тұсында, үш
жармалы қақпақ-төстің оң жағынан 4-ші қабырға шеміршегінің қосылатын жерінде, аорта
қақпағы 2-ші қабырға аралығында төстің оң жағынан, өкпе тамырларының қақпақтары 2-
ші қабырға аралығында төстің сол жағынан тыңдалады.
С. П. Боткин ұсынған 5 нүкте 2-ші оң
қабырғамен жүрек ұшын қосатын сызықтың
төсті қиып өтетін жерінде, төстің сол жақ
қырында орналасқан 
(75 сурет).
Жүрек аускультациясын келесі ретпен
өткізу қажет. Алдымен жүрек ұшының
тұсында қос жармалық қақпақты тыңдайды (1-
ші нүкте). Сосын аорта қақпақтарын 2-ші
қабырға аралығында, төстің оң жағында (2-ші
нүкте), содан кейін өкпе тамырларының
қақпақтарын 2-ші қабырға аралығында, төстің
сол жағында (3-ші нүкте), үш жармалық
қақпақ төстің төменгі үшінші бөлігінде, төске
семсерше өсіндінің бекітілген жерінде
тыңдалады. Боткин нүктесі тұсында аорта
қақпағының дыбыстарын қосымша тыңдау (5-
ші нүкте) жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет