Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Пульстің сиреуі (брадикардия)



Pdf көрінісі
бет192/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Пульстің сиреуі (брадикардия).
Әртүрлі типті блокадаларда, жүрек гликозидтерін
шамадан тыс көп бергенде, вирусты гепатитте, менингиттің басты кезеңінде,
мекседемада байқалады. Жиіленген әлсіз пульс жүрек әлсізденгенде, тамыр қысымы
214


төмендегенде, аорта қақпағы тарылғанда байқалады. Сірескен қатты пульс тамыр
қысымының жоғарылағанын (гипертониялық ауру, нефрит, эндокринды аурулар)
көрсетеді.
ПУЛЬСТІҢ ЫРҒАҒЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Экстрасистолия: 
мерзімінен бұрын пайда болған импульстер ретсіз, қосымша жүрек
жиырылуының пайда болуына әсерін тигізеді. Экстрасистолалар ырғақты әрбір қа-лыпты
жүрек жиырылуынан кейін пайда болып (бигемения) немесе 2-3 жиырылудан кейін
(тригемения) байқалуы мүмкін. Ретсіз экстрасистолалар әдетте, әртүрлі уақыт аралығында
пайда болады. Оны анықтау үшін тамыр соғысын тексеруді жүрек аускультациясымен
қатар жүргізу керек. Кейбір жүрек соғысына сәйкес тамыр соғысы анықталмайды.
Жыбыр аритмиясы
пульстің тіптен ретсіз болып кетуімен ерекшеленеді. Әртүрлі
мөлшерлі жеке пульс толқындары әртүрлі уақыт аралығында бірінен соң бірі келеді. Бұл
аритмияда пульс жиілігі жүрек соғысының жиілігінен кем, яғни пульстің дефициті
анықталады. Денеге шамалы салмақ түскенде пульс дефициті анығырақ байқалады. Бұл
жағдай жыбыр аритмиясындағы және экстрасистолиядағы пульс дефицитін айыру үшін
пайдаланылады. Жыбыр аритмиясында пульс дефициті көбейеді, ал экстрасистолияда
азаяды немесе жойылып кетеді.
Жыбыр аритмиясы көбіне митральды қақпақтың ақауларында (сол жүрекше-
қарынша саңылауының тарылуында) байқалады.
Өте жиі (1 минутте 200 рет), бірақ ретті, кенеттен пайда болатын, бірнеше минуттан
бірнеше сағатқа дейін созылатын пульс
пароксизмальды тахикардия
деп аталады.
Құбылмалы ретті пульс толқындары бірінен соң бірі келумен ерекшелінеді. Мұндай пульс
қатаң миокардитте, әсіресе оған тамыр қысымының жоғарлануы мен тахикардия
қабаттасқанда байқалады.
Қан қысымын
Н. П. Коротков әдісімен тексереді: арнайы манжетка (баланың
жасына немесе иық аумағына сәйкес) баланың иығының орта шеніне еркін кигізіледі
(манжетканын астына екі бармақты сыйғызуға мүмкін болуы қажет). Өлшеуді баланың
отырған қалпында жүргізу керек. Баланың қолын алақанын жоғары қаратып, стөл үстіне
салады (қолдың бұлшық еттерін бос ұстау керек). Манжеткаға әдейі жалғастырып қойған
насоспен ауа толтырады (манжетканың ішіндегі ауа қысымы тамыр соғысының сезілмей
қалатын қысымнан 30 - 40 мм сынап бағанасынан артық болуы қажет). Содан соң шынтақ
бұрышының шұңқырына стетоскопты қойып манжетканың ішіндегі ауа қысымын жайлап
төмендетіп бірінші дыбыс пайда болғандағы және жойылып кеткен кездегі қысымды
манометр бойынша анықтайды
(69 сурет).
Осы әдісті үш рет қайталап ең төменгі
көрсеткіштерді жазып алу қажет. Тап осылай аяқтың тамыр қысымын, манжетканы
баланың санына, ал стетоскопты тізе буынының шұңқырына қойып, анықтауға болады 
(70
сурет).
215




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет