Жүрек қызметі кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар
жүрек дыбыстары
(тондары)
деп аталады. Дені сау балалардың жүрегін тыңдағанда, 2 дыбыс жақсы
естіледі. 1-ші дыбыс систола кезінде пайда болатын —
систолалық
және 2-ші дыбыс
диастола кезінде пайда болатын –
диастолалық
дыбыс.
Баланы тыңдағанда, онша қалың емес сүйек және жұмсақ тіндердің жүрек дыбысын
жұтуынан, стетоскоп арқылы адам құлағына жеткенде дыбыс жаңғырып ІІІ-ші дыбыс
естіледі.
Балалардың жүрек дыбысы үлкен айқындылығымен, дауыстылығымен ерекшеленеді.
Дыбыстың әлсіздігі өмірінің бірінші күндерінде байқалады.
Жүрек соғуының дыбыстылығының қатынасы балаларда әр түрлі болады. Жаңа
туған балада бастапқы 2-3 күндігінде жүрек ұшында және Боткин нүктесінде II дыбыс I
дыбыстан басым болады.
Сонан кейін теңеліп 2-3 айлығында I дыбыстың естілуі басым бола бастайды. Жаңа
туған балада жүректің негізінің тұсында II дыбыс басым болады, сосын I-II дыбыстың
дыбыстылығы теңеліп, 1-1,5 жасында қайтадан II дыбысының дыбыстылығы басым
болады. 2-3 және 11-12 жаста II дыбыс сол жақтан 2-ші қабырға аралығында (оң жаққа
қарағанда) жақсы естіледі. Ол көбіне жіктеліп естіледі. 12 жасында жүрек дыбыстарының
күші теңеле бастайды да, II дыбыс оң жақтан (аорта үстінен) жақсы естіледі.
3-ші дыбыс жүрек ұшы тұсынан және терең дем алғанда абсолюттік дыбыссыздық
аймағында және шамалы жұмыс істеп қимылдағанда естіледі. Көлденең жатқанда да
естілуі мүмкін.
Жаңа туған баланың жүрек дыбыстарының осындай саздық көрінісі эмбриокардияны
метроном ырғағын еске түсіреді, яғни жүрек дыбысының күші (биіктігі) және дыбыс
аралығындағы (дыбысқа дейінгі және кейінгі) үзіліс бірдей болады.
Жүректі тыңдағанда келесі сұрақтарға жауап беру керек:
1. Жүрек соғысы ырғақты ма?
2. Жүрек дыбыстары анық естіле ме? 5 нүктенің бәрінде дыбыстардың екеуі де анықтала
ма? Олардың қайсысы жоғарырақ естіледі?
3. Шулар естіле ме? Естілсе жүректің жұмысының кай кезінде (систола немесе
диастолада), нықты ма, әлсіз бе? Оның ұзақтығы аз немесе ұзақ уақыт ішінде ме?
4. Бала төсектегі қалпын өзгерткенде, шу өзгере ме?
5. Шу қолтыққа, жауырынға, арқаға тарай ма?
6. Шудың ең жақсы естілетін жері қай жер?
Достарыңызбен бөлісу: