Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет229/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Бензидин сынамасы. 
Бала 3 күн бойына ет, томат, өсімдіктерінің көк бөлігін, алма
сияқты құрамында темір және ауыр металлдар бар жемістер және дәрілер қабылдамауы
керек. Нәжісті жұқа етіп шыныға жағып бірнеше тамшы бензидин ертіндісін қосады.
Бензидин ертіндісін (10 мл 50 % сірке қышқылының ертіндісіне 0,1 
г 
бензидин ерітіледі)
нәжіске қосар алдында оның 2мл 3% сутектің асқынған тотығының ертіндісімен
араластырады. Нәжістің құрамында қан болса қоңыр-жасыл көк түске боялады. Бұл
сынама асқазанның, және ұлтабардың жарасында, геморрагиялық диатезде, энтероколитте
және т.б. ауруларда оң нәтижелі болады.
Өт пигменттеріне (билирубин, стеркобилин) реакция гемолитикалык немесе
обтурациялық сарғаюлардан айыру үшін қойылады. Нәжістің кішкене бөлігін алмастың
(1кг алмас (сулема) 100 мл суда ерітіледі) қаныққан ертіндісімен араластырады. Нәжісте
билирубин көп болса, ыдыстың түбіндегі тұнба жасыл түске, ал стеркобилин ашық қызыл
түске боялады. Демек, сарғаю гемолитикалық болғаны. Обтурациялық сарғаюда нәжіс
түссізденеді де, стеркобилин анықталмайды.
Нәжістегі ферменттерді анықтау.
Ішіктегі ең маңызды ферменттер болып
энтерокиназа мен сілтілі фосфатаза есептелінеді. Энтерокиназа ащы ішектің жоғары
бөлігінде түзілетін арнайы фермент. Ол ұйқы безінің сөліндегі трипсиногенді активті
трипсинге айналдыруға қатынасады.
Фосфатаза да ащы ішектің барлық деңгейінде түзілетін фермент. Бұл ферменттер
ерте жастағы балаларда активтілігі өзгермей нәжіспен өте көп мөлшерде шығады. Осыған
орай осы ферменттердің нәжіс құрамындағы мөлшері ащы ішектің функциясын сипаттай
алады.
246


Ішек ферменттері энтерокиназы мен фосфатазының активтілігі балалар жасына
байланысты болады.
 
Ересек балаларда нәжістегі энтерокиназа мөлшері 20 бірлік/г, сілтілі
фосфатаза 450 бірлік/г. Ересек балаларда энтерокиназа мен фосфатазаның активтілігі тоқ
және ащы ішектер жағдайына байланысты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет