Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Қан сарысуындағы ферменттер



Pdf көрінісі
бет226/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Қан сарысуындағы ферменттер
. Аминотрансферазалар гепатоциттердің цитоплаз-
масында орналасады. Олар клетка ішіндегі процесстерге қатынасады. Амин топтарын
амин қышқылдарының бірінен кето қышқылдарына тасымалдауды катализдейді. Қалыпты
жағдайда АЛТ – 0,1-0,7 ммоль/л, АСТ– 0,1-0,5 ммоль/л, АСТ коэффициенті – 1,3-1,4. Бұл
ферменттердің активтілігінің бауыр ауруларын анықтаудың маңызы үлкен болып келеді.
Инфекциялық гепатитте аминотрансферазалардың активтілігі арытады.
Май алмасу әрекетін зерттеу. 
Жалпы липидтер мөлшері қалыпты жағдайда 4,5-7,0
г/л. Жалпы липидтер мөлшері қан сары суында вирусты гепатитте, бауырдың созылмалы
ауруларында, қант диабетінде, семіргенде артады. Гиперлипемия бауыр ішілік холестазда
байқалады да, процесстің сауығу кезінде томендейді. Бауырдың жедел некрозында жалпы
липидтер жедел төмендейді.
Холестерин.
Бауырдың функциялық жағдайын бағалайтын негізгі көрсеткіштердің
бірі. Ең маңыздысы холестерин фракцияларының қатынасын анықтау болып келеді.
Холестерин эстерификациясының коэффициенті (холестерин эфирлері, жалпы холестерин)
дені сау балаларда 0,63-0,8 деңгейінде болады.
Қандағы холестерин мөлшері 3,7-6,5 ммоль/л. Қандағы мөлшерінің артуы өт
жолдарының туа біткен атрезиясында, жедел гепатиттің бастапкы кезеңінде, өт тоқырауға
байланысты сарғаюда, постнекрозды билиарлы циррозда және т.б. ауруларда байқалады.
Гипохолестеринемия бауырдың ауыр паренхиматоздық бұзылыстарында, бауырлық
комада байқалады.
Бауырдың пигмент алмасуға қатысу әрекетін тексеру.
Бауырдың функциясын
зерттеу үшін төмендегідей пигмент алмасу көрсеткіштерін анықтайды: жалпы
билирубинді және оның фракцияларын анықтау, билирубин беріп сынама жүргізу
(Бергманн және Эйльбат бойынша); зәрдегі билирубин мөлшерін зерттеу; зәрде
уробилиноген және уробилин денешіктерін анықтау; нәжісте және қан сары суында
уробилиноген денешіктерін зерттеу және т.б.
Қан сарысуындағы жалпы билирубин калыпты көрсеткіші 5,13-20,56 мкмоль
деңгейінде болады. Оның 3,2 мкмоль/л байланысқан «тіке», ал қалғаны байланыспаған
билирубин. Физиологиялық сарғаю байқалмайтын жаңа туылған балаларда жалпы
билирубин – 17,104-34,208 мкмоль/л/, ал физиологиялық сарғаю байқалатын жаңа туған
балаларда – 34,208-239,476 мкмоль/л болады. Қандағы билирубин мөлшері 20,5-34,2
мкмоль/л асқанда, терінің сарғаюы байқалады. Паренхиматозды сарғаюда билирубиннің
байланысқан фракциясы бауыр клеткаларының бұзылуына байланысты көбейеді.
Тоқыраулық сарғаюда да (өт жолдарының туа біткен атрезиясы және басқалар)
байланысқан билирубин көбейеді.
Бауырдың залалсыздандыру функциясы сантонинді, ментолды, гиппурлы
сынамалармен тексеріледі. Оның ішінде ең маңыздысы, Квик енгізген, гиппурлы сынама.
Қалыпты жағдайда бауыр клеткалары организмге енгізген бензой қышқылын гликоколмен
қосып, залалсыздырады да пайда болған гиппур зәрмен шығарылады. Қалыпты жағдайда
организмге енгізілген бензоатнатрийдің 65-85% зәрмен шығарылады. Бауыр паренхимасы
зақымдал-ғанда, гиппур қышқылының шығарылуы 65%, ал ауыр жағдайларда – 30%
төмен кемиді.
Бауырдың экскреторлық функциясын тексеру организмге өт арқылы бөлінетін заттар
енгізу аркылы жүргізіледі. Әдетте, бояулар қолданып, өттің және зәрдің құрамында ол
244


бояудың аз бөлінуіне, біраз уақыт өткеннен кейін, қанда көп мөлшерде сақталып қалуына
байланысты, экскреторлық функциясын анықтайды. Көбіне бромсульфолеинді сынама
қолданылады. Ертеңгісін ашқарынға 1 кг дене салмағына 5мг есебінен бромсульфолеин-
нің 0,5% ертіндісін венаға жібереді. 3 және 45 минут еткен соң зерттеуге қан алады.
Қалыпты жағдайда 45 минуттан кейін ең көп болғанда, бояудың 5% қалады. Жаңа туылған
балаларда бұл көрсеткіш жоғарырақ болуы мүмкін. Бауыр паренхимасы зақымдалғанда
бромсульфамин қанда көп мөлшерде (15-100%) сақталып қалады. Бромсульфаминнің
қанда сақталып қалу пайызы бауырдың зақымдалуының ауырлық дәрежесіне тура
пропорционалды болады. Бауырдың жедел сары дистрофиясында бұл пайыз жүзге дейін
жетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет