Көптеген қан жасалу мүшелерінің жүйелік зақымдалуында (лимфогрануломатоз,
лейкоз, лимфосаркоматоз және т.б.) геморрагиялық синдром байқалады.
Қазіргі кезеңде жұқпалы аурулардың барысы қатал өткенде, іріңді қабыну процес-
сінде кездесетін қанның тамыр ішінде шашырап ұюы деп аталатын синдромның белгісі
болып табылатын геморрагиялық синдромға үлкен көңіл бөлінеді. Қанның тамыр ішінде
шашырап ұю қанның ұюға қарсы әсер ететін жүйелерінің, тамыр қабырғасына негізгі
дерттің себептерінің немесе зат алмасуының бұзылуының қалдыктарының қосымша әсер
етуіне байланысты пайда болады. Бұл синдром кілегей қабықтардан, ішек қарын жолда-
рынан қан кетумен, теріге қан құйылуымен, тромбоциттердің мөлшерінің өзгеруімен, ұю
және қан ағу уақытының ұзаруы немесе қысқаруымен, патологиялық процесстердің
қаталдығына байланысты әртүрлі дәрежедегі гематокриттің өзгеруімен сипатталады.
Бұл синдром менингококкцемияда, пневмонияның қатал түрлерінде, ішек жұқпалы
ауруларында (дизентерия, сальмонеллез, стафилококкті энтероколит) кездеседі.
Қазіргі кезде геморрагиялық синдромдарды бірнеше түрге бөледі:
1. Гематомалық түрі – тері, шандыр астарына, кілегей, қабықтарға,
етке және
буындарға үлкен көлемді қан кету байқалады.
Буындардың пішіндері өзгеріп, артроз, контрактуралар, патологиялық сынықтар пайда
болады. Зақымданғаннан, операциядан кейін, өмірге қауіпті қан кетулер байқалады.
Гематомды геморрагиялық синдром А және В гемофияларына тән болып келеді.
2. Петехиальды дақты немесе микроциркуляторлы түрі. Тері және кілегей қабықтарда
петехиялар мен экхимоздар пайда болады. Өзінен-өзі немесе сәл ғана зақымдалғанда
мұрыннан, қызылиектен, бүйректен қан кетумен сипатталады. Гематомалар сирек
байқалады, сондықтан буындарда, әдетте зақымдалғанда ғана байқалады.
Тонзиллоэктомиядан басқа операциялардан кейін қан кету байқалмайды.
Жиі де
қатерлі асқынулар түрлері миға қан құйылу болып табылады. Оның алдында, әдетте
теріде және кілегей қабықтарда, кішкене
петехия тәріздес қан құйылу байқалады.
Геморрагиялық синдромның микроциркуляторлы түрі тромбоцитопатияда,
тромбоцитопенияда, гипо- және дисфибриногенемияда, X, V және II қан ұю факторлары
жетіспегенде байқалады.
3.
Аралас
(микроциркуляторлы-гематомды) түрі: жоғарыда берілген микро- циркуляторлы және
гематомды түрлерінің қабаттасуымен сипатталады. Сонымен қатар, кейбір ерекшеліктер
байқалады. Микроциркуляторлы түрі басымдау, ал гематомды түрі шамалы білінеді.
Көбіне-көп тері асты шел майына қан құйылу байқалады. Буындарға қан құйылу сирек
байқалады. Қан кетудің бұл түрлері Виллебранд ауруына және Виллебранд-Бргенс
синдромында байқалады, үйткені плазмалық факторлардың (VIII, IX, VIII, V, VII, XII)
коагуляциялык (ұю) активтілігінің жетіспеушілігіжн тромбоциттердің әрекеттік
бұзылыстары (дисфункциясы) бірге байқалады. Бұндай қан кетудің пайда болатын түрлері
тамыр ішінде канның шашырап ұйыу синдромдарында, антикоагулянттарды тиісті
мөлшерінен артық бергенде байқалады.
3.
Васкулитті-
пурпурлі турі, иммуноаллергиялық және улы токсикалык бұзылыс-тардың әсерінен
микротамырлардағы экссудативті қабыну құбылыстардың нәтижесінен пайда болады. Бұл
топтың негізгі өкілі болып геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы) есептелінеді.
Геморрагиялық синдром негізінен аяқ-қолдарының үлкен буында-рында симметриялы
орналасқан
сау теріден ашық бөлектеніп, бетіне шығып тұратын түйіндермен
(папулалармен), күлдіреулермен, торсылдақтармен (көпіршік) анықталады. Бұл бөртпелер,
«көктеп» қызыл түстен, сары түске дейін, өзгеріп түлейді. Сонымен қатар, іші ауырып,
ішінен, бүйрегінен қан кетуі – макро- және микрогематурия байқалуы мүмкін.
4.
Ангиоматозды
түрі, телеангиэктазының әртүрлі формаларына тән болып келеді. Рандо-Ослер ауруы
жиірек кездеседі. Геморрагиялық синдромының бұл түрінде теріге, шел майына, басқа
255