Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет233/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Клиникалық тексеру қан жүйесінің және қан жасалу мүшелерінің зақымдалуын
болжауға мүмкіндік беретін мәліметтерді сұрастыру арқылы жинаудан басталады.
249


Науқастың терісінің және басқа көзге көрінетін жамылғыларының бозарғаны немесе
сарғайғаны, тез шаршайтындығы, басының айналатындығы анықталады. Кейбірде, ата-
аналар лимфа түйіндерінің үлкейгеніне, геморрагиялық бөртпелердің пайда болғанына,
мұрыннан қан кеткендігіне, гемоартроздардың және басқа белгілердің пайда болуына
шағым айтады. Кейбір науқастарда (лейкоз, Филатов ауруы – мононуклеоз, гемолитикалық
анемиядағы криздер және басқа аурулар) дене қызуының көтерілуі байқалады. Лейкозда
науқастар сүйектерінің ауыратындығына шағым айтады.
Сұрастыру кезінде аурудың қалай дамығанын анықтау маңызды болып келеді.
Жедел немесе біртіндеп, аяқ астынан, циклдік қайталаумен, ремиссия (сауығу)
кезеңдерінің алмасып дамуының байқалуы (гемолитикалық анемия, тромбоцитопениялық
пурпура) мүмкін.
Қан ауруларына шалдыққан балаларды зерттеу сұрастырудан басталып, бозару, қан
кету, терінің сарғаюы, бас айналу, шаршағандық, лоқсу, құсу, бөртпелер (геморрагиялық
немесе басқа түрі) сияқты белгілердің қашан, неге байланысты пайда болғанын, қалай
дамығанын, қанша уақыт немен емделгенін, оның шипалылығын анықтауды керек етеді.
Сонымен қатар, белгілердің ұзақтығы мен даму барысын анықтауда маңызды болып
келеді. Мысалы; лимфа түйіндері үлкейіп, ауыратын болған кезде дене қызуының толқын
тәріздес көтерілуі лимфагрануломатоз ауруының бірден-бір белгісі болып келеді.
Ерте жастағы балалардың терісінің және көзге түсетін кілегей қабықтарының
бозаруы байқалғанда, ата-анасынан олардын қалай тамақтанатынын, қандай аурулармен
ауырғандығын, немен емделгендігін, күтім қалай жасалғандығын анықтау маңызды болып
келеді.
Одан әрі баланың өмір тарихын анықтағанда тұқым қуалайтын аурулардың болуын
(гемофилия, гемолитикалық криз және т. б.), аллергиялық тарихын, анасының
денсаулығын, анасының жүктілігі мен босануының барысы, баланың туылған кезіндегі
денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің дамуы, қоректендіру (сапасы, тәртібі, шырын және
витаминдер, қосымша тамақ беруі), анасының күн және тамақтандыру тәртіптері туралы
мәліметтерді жинаудың маңызы да зор.
ҚАРАУ. 
Науқасты қарағанда, аурудың жағдайына, төсектегі қалпына, терінің және
көзге көрінетін кілегей қабықтарының түсіне көңіл аударылады. Тері мен кілегей
қабықтарының бозаруы анемияны көрсетеді. Тері мен көз кілегей қабатының лимон
тәрізденіп сарғаюы, эритроциттер бұзылып, қанда байланыспаған (тіке емес) билирубин
көбеюі гемолитикалық анемияда байқалады. Бұнда нәжіс пен зәр қою, сары болады. Теріге
қан құйылғанда петехия, экхимоз сияқты элементтер байқалады.
Ауыз қуысын дұрыстап қараудың маңызы өте үлкен. Бадамша бездің, ауыз
қуысының, тамақтың кілегей қабығында кішкене геморрагиялық бөртпелер, өлі-еттенген
аймақтар (лейкозда) анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет