Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет247/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Гиперстенурияда
несептің меншікті салмағы 1020-1030-дан жоғары болады.
Сұйықты аз ішкенде, қоршаған ортаның қызуы жоғарлағанда, дант диабетінде, яғни
несепте қант, белок, тұздар көбейгенде, байқалады.
Несептің реакциясы
сілтілі немесе қышқыл болады. Ол тамақтың, аурулардың
түрлеріне байланысты.
Протеинурия
– несепте белоктың шамадан тыс (0,033 промильден артық) болуы.
Протеинурияны 2 түрге бөледі: бүйрек және бүйректен тыс протеинурия. Бүйрек
протеинуриясы жалған және шын болады.
Шын бүйрек протеинуриясы
бүйрек шумақтарының базальды мембраналары
зақымдалынып, несепке белоктың ірі молекулаларын өткізе бастағанда (нефроз,
нефросклероз) немесе өзекшелерде шумақтардан өткен кішкентай белок
молекулаларының кейін сіңірілуі (реабсорбциясы) бұзылғанда байқалады.
Жалған бүйрек протеинуриясы 
– организмдегі ауырған жердің негізінен бүйректе
лейкоцит немесе эритроциттер түсіп, олар ыдырап, белоктар пайда болған жағдайда
кездеседі.
Лейкоцитурия
(пиурия) әдетте, бір көру аймағында 5-6 лейкоцит болады, одан
көбейсе – пиурия болып есептелінеді. Пиурия, зәр жүйесі қабыну ауруларына
шалдыққанда, байқалады. Жасырын пиурияны табу үшін арнайы сынамалар қолданылады.
Нечипоренко сынамасы. 
Ертеңгісін аш қарынға алынған ортанғы жаңа бөлігінде 1
мл несептің қан түйіршектерінің саны қалыпты жағдайда лейкоциттер 2 мыңға дейін,
эритроциттер 1 мыңға дейін болады.
Аддис-Каковскийдің сынамасы
– тәуліктік несептегі қан түйіршіктерінің саны.
Лейкоциттер 2 млн-ға дейін, эритроциттер 1 млн-ға, гиалинді цилиндрлер 20 000-ға дейін
болады. Тәуліктік несепте белок 50-60 мг-нан 100 мг дейін анықталады.
Бір көру аймағында 10-30 немесе тәуліктік несепте 2-10 млн лейкоциттің болуы
шамалы лейкоцитурия ретінде анықталса, көру аймағында 30-50 немесе тәулігінде 10-40
млн лейкоцит шығарылуы орташа лейкоцитурия, ал көру аймағында 100-ден тәулігіне 40
млн-нан артық болғанда – айқын лейкоцитурия деп есептелінеді. Сонымен қатар,
лейкоциттердің түрін анықтаудың да (уроцитограмма) маңызы зор болып келеді: нейтро-
фильды, мононуклеарлы, аралас. Бұл зақымдалу сипаттамасын ажыратуға көмектеседі.
Дені сау балалардың тәуліктік несебінде белок мелшері орта есеппен 78,57±10,5мг
болады.
Тәуліктік несепте белок 1г деңгейінде болса, шамалы протеинурия ретінде
анықталады. 
Тәулігі 1-2,5 г белок бөлінетін болса – орташа протеинурия, 2,5-3 г белок шығарыл-
ғанда – айқын протеинурия деп, аталады. Кейде тәулігінде 20-50 г белок шығуы мүмкін,
бұндай жағдай нефротикалық синдромда байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет