Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет245/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

БҮЙРЕКТІ ПАЛЬПАЦИЯЛАУ.
Бүйректі пальпациялағанда баланы қырынан
немесе шалқасынан, аяқтарын жартылай бүккен күйде жатқызады, немесе аяқтарын
шамалы жинаңқырап жатқызуға да болады. Сол қолын омыртқаның астынан XII
қабырғамен, арқаның ұзын бұлшық еті құрайтын бұрышқа, оң қолын ішке қояды
(88
сурет).
Оң қол іш қуысының артқы қабырғасына қарай жылжиды, ал сол қолымен
бүйректі алдына қарай итеріп, оң қолмен түйістіруге тырысады. Сөйтіп, бүйректің төменгі
ұшын, яғни бүйректің бетін (тегіс, бұдыр, тығыз серпінді) анықтайды, ауыратын немесе
ауырмайтындығын біледі.
88 сурет

Оң жақ бүйректі
89 сурет.
 Балалардың бүйрегін
пальпациялау. пальпациялау әдісі.
Балалардың бүйрегін пальпациялағанда төмендегі әдісті де қолдануға болады, яғни
алақанды ішке қойғанда үлкен саусақ алдыңғы бетте, ал қалған 4 саусақ артта қалу керек,
сосын саусақтарын қыса отырып, төменнен жоғары қарай қозғап, бүйректі «табуға»
болады
(89 сурет).
Бұл кезде бала міндетті түрде терең дем алу керек (бүйрек төменге
қарай ығысып, жеңіл пальпацияланады).
Ішті пальпациялауды несеп ағарлардың бойында ауырсынудың байқалатынын
анықтау үшін қолданылады. 
261


Олар іштің алдыңғы бетіне жоғарғы және төменгі нүктелер ретінде проекцияланады
(90 сурет).
Баланы тікесінен тұрғызып, денесін сәл ілгері еңкейтіп, сол қолмен жоғарыдай беліне
қойып, оң қолмен бүйректі пальпациялауға болады. Бұл әдіс, әсіресе, кезбе бүйректерді
анықтау үшін маңызды болып келеді.
Ішті перкуссиялау.
Ішті баланы тұрғызып немесе шалқасынан жатқан күйде
перкуссиялауға болады, перкуссия арқылы іш қуысындағы ісікті анықтайды. Перкуссияны
кіндіктен бүйірлеріне қарай жүргізеді. Егер іш қуысында ісік болса, перкуссия дыбысы
тұйықталып қалады. Егер бала түргеліп тұрса, перкуссияны кіндіктен қасаға қарай
жүргізеді. Бүйрек түбіндегі өзгерісті білу үшін Пастернацкий белгісі қолданылады: белге
бір қолдың алақанын жайып қояды, ал екінші алақанның қырымен немесе жұдырықпен
ұрғылайды 
(91 сурет).
Жоғарғы несепағарлық нүкте кіндіктен жүргізілген сызықтың іштің тіке бұлшық
етінің сыртқы қырымен қиылысқан жерінде орналасады. Төменгі несепағарлык нүкте
биспинальдық сызықтың іштің тіке бұлшық етінің сыртқы қырымен қиылысқан жерінде
орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет