Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ



Pdf көрінісі
бет259/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ
Жыныс мүшелерінің және жыныстық жетілуі тексергенде мұқият қарап, дененің
өсіп-жетілуін бағалаумен қатар, дене бітіміне қарап, дене бітіміне және тұлғаның
деформациясына (өзгеруіне) назар аудару керек. Әсіресе, бойды дұрыс бағалап, шел
майының таралуына, бұлшық еттің жетілуіне, дененің пропорциясына аса көңіл бөлінеді.
273


Жыныс қалыптасуының азғана бұзылуынан ғана тұлғаның өзгеруінің өзіне тән белгілері
пайда болады. Яғни, мойынның қысқаруы, кеуде пішінінің өзгеруі, алақан мен табанның
аномалиясы (метакарпальды және метатарзальды сүйектердің қысқаруы, фалангтердің
жетілмеуі, саусақтардың өзгеруі) байқалады. Жаңа туған нәрестенің алақаны мен
табандары ісініп, қолға қатты болып, білінеді. Құлақ қалқанының пішіні өзгеріп, көздің
жоғары қабағы салбырап (птоз) тұрады, төменгі иек дұрыс жетілмейді (микрогнатизм),
биік таңдай, мойынында шаштың пайда болуы байқалып, дене пигменттеніп (витилиго),
тізе мен шынтаққа, кейде, ішке және кеудеге жүн (шаш) шығады.
Екінші жыныстық белгілерінің білінуін бағалау керек. Қыз балалардың екінші
жыныстық белгілерін даму сатысын ескере отырып баллмен (ұпаймен) бағалайды.
Сыртқы жыныс мүшелерін, бала жалпы қарауға үйреніп, онымен тіл табысқаннан кейін
қарау керек. Қыз балалардың сыртқы жыныс мүшелерін анасының немесе мейірбикенің
қатысуымен қарайды. Жаңа туған нәрестелердің жыныс мүшелерін тізе-шынтақ қалпында,
ересек қыздарды санның ішіне тартып жинап, шалқасынан жатқызып, қарайды.
Ер балалардың жыныстық жетілуі қадағалау, қыз балаларға қарағанда, жеңіл, яғни
аталык безін санын өлшеп, жасына сәйкес стандарттық мөлшермен салыстыруға болады.
Ал, жыныс мүшесінің даму дәрежесін қадағалау неғұрлым тиімсіз болып саналады.
Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда, олардың «интерсексуальды» жағдайын немесе
кейбір ауытқуларды анықтауға болады. Ер балаларға тән ауытқуларға төмендегі жатады:
Гипоспадия
– үрпі каналының төмен қарай кеңеюі. Жыныс мүшесі қисайып, үрпі
каналының тесігі басының төменгі жағынан шабқа дейінгі аралықта орналасады.
Эписпадия
– үрпі каналының жоғарыға қарай кеңеюі. Жыныс мүшесі қисайып,
жоғары және маңындағы тіндерғе қарай тартылып тұрады.
Жыныс мүшелерінің гипоплазиясы (микропенис) – жыныс мүшесінің қатты
кішіреюі. Басқа ақаулармен қосылып байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет