Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ДАМУ САТЫЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет262/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ДАМУ САТЫЛАРЫ
(J.М. Таnnег бойынша*)
46 КЕСТЕ
 
Саты-
лары
Қасаға шаштары
Сүт бездері
1.
Жоқ.
Пубертатты.
2.
Сирек, шамалылау пигменттелген, тіке, 
мамық жүн, жыныстық ерін бойында 
орналасады (11,5).
Кеуде мен емшек ұшы көтеріңкі, 
ареолдар диаметрі үлкейген (11,0).
3.
Молдау болып келеді, қара, оратыла 
бастайды.
Кеуде мен ареола үлкейген, жалпы 
контуры бар (12,0).
4.
Қатты, оратылған, бірақ ересек адамдарді-
кінен аз, санында жоқ (13,0).
Ареола мен емшек ұшы сүт безінің 
үстінде тағы бір бөлік құрайды.
5.
Ересек әйелдің үшбұрышы тәрізді, санның
ішкі бетін алып жатады (14,5).
Емшек безі жетілген, ұшы шығып 
тұрады. Ареола бездің жалпы конту-
рының бір бөлігі болып келеді.
ЕР БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ДАМУ САТЫЛАРЫ
Саты-
лары
Қасаға шаштары
Жыныс мүшесі, аталық без
1.
Жоқ
Пубертатты
2.
Сирек, ұзын, шамалы пигменттелген, мамық
жүн (13,5)
Жыныс мүшесі шамалы үлкейген, 
қара, қыртыстары көбірек (11,5)
3.
Қаралау оратыла бастайды, азырақ, жыныс 
мүшесінің түбінде орналасады (14,0)
Жыныс мүшесі ұзыннан өскен, 
аталық без бен ұма үлкейген. (13,0)
4.
Қатты, оратылған, ересек адамдардікі 
сықылды, бірақ сирек, санында болмайды 
(14,5)
Жыныс мүшесі жуандау және басы 
үлкейген, соңғысының терісі 
қарайған (14,0)
5.
Ересек адамдікі сықылды, санының ішкі 
бетінде де болады, бірақ горизонтальды 
шекарасы болады (15,0)
Ересек адамның мөлшеріндей (15,0)
6.
Кіндікке қарай жалғасады
(J.М

Таnnеr бойынша*)
* В. К. Таточенко (1997 ж.) бойынша беріліп отыр.
Ер балалардағы жыныстық жетілуі шапшаң жүруі ми зақымдалғанда, қабыну немесе
ісік болғанда, немесе бүйрек үсті безінің гиперплазиясында байқалады.
Көп балаларда жыныстық жетілу кезеңінде гипоталамустың патологиялары анықта-
лады. Бұл жағдай, әдетте, жыныстық жетілуге дейін баланың семіруімен жыныстық
жетілудің өте жылдам жүруімен және бұл кезеңде одан әрі қатты семіруімен, тері мен
мойын қыртыстарының гиперпигментациясымен, стрийдің пайда болуымен сипатталады.
Стрий, әдетте, санның, тұлғаның және иықтың ішкі бетінде байқалады. Оны пубертатты
276


базофильді немесе жасөспірім гиперкортицизмі деп атайды. Ол АКТГ-нің жыныстық
жетілу кезінде көп бөлінуіне байланысты болады. Стрий кейбір балаларда ізсіз жоғалып
кетсе, кейбіреулерінде Иценко-Кушинг ауруына айналады, одан әрі диабет және
гипертониялық ауруға ауысады.
Жыныстык жетілудің аномалиясын немесе оның қалыптасу уақытының өзгеруі
байқалған жағдайда балаларды міндетті түрде балалар гинекологі мен
эндокринологтардың терең тексерулерінен өткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет