Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Фимоз  – күпектің туа болған тарылуы. Параимоз



Pdf көрінісі
бет260/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Фимоз 
– күпектің туа болған тарылуы.
Параимоз 
– күпектің басының қыстырылуы. Фимоздың асқынуы.
Аталық ұрық безінің агнезиясы
– анорхиялы (бездің жоқ болуы) немесе
монорхиялы (бір без болады) болуы мүмкін.
Крипторхизм 
– аталық ұрық безінің ұмаға түспей қалуы.
Шала және абдоминальды крипторхизм болады. Ол жаңа туған нәрестелерде ұрық
ішіндегі дамуына, шала туылуына байланысты болады.
Аталық ұрық безінің шемені – оның ішкі сыртқы қабықтарының арасына судың
жиналуы.
Қыз балалар арасындағы кездесетін аномалияларға клитордың агнезиясы,
гипоплезиясы немесе гипертрофиясы, үлкен кіші жыныстық ернеулерінің тұтасып бітуі,
қыздық пердесінің бітеліп қалуы, клитордың бөлінуі, жыныс ернулері мен перденің
аплазиясы жатады.
Интерсексуальды жағдайлар анықталған кезде сыртқы жыныс мүшелерінің әртүрлі
аномалиялары болуы мүмкін. Бұл аномалиялардың көпшілігінде ортақ компоненттер
болады. Мысалы, клитордың үлкеюі, урогенитальды синустың сақталуы немесе ортақ
урогенитальды тесіктің қалыптасуы. Соңғысы бүйрек үсті безінің туа болған
гиперплазиясының белгісі (адреногенитальды синдром) және ол жалған әйел
гермафродитизмді деп аталынады. Ер балаларда гинекомастия кездесіп отырады. Ол 2-3
жылдан кейін ізсіз кетіп қалады. Гинекомастия эстроген деңгейінің көбейіп, оған тіндердің
аса сезімтал болуынан пайда болады.
Жыныс пен жыныстық дамудың әртүрлі бұзылулары балалар арасында, әсіресе ер
балаларда, жиі кездеседі. Оған жыныстық жетілу кезеңдерінің бұзылуы қалыс қалуы,
кейде уақытынан бұрын жетіле бастау жатады. Өте сирек жағдайларда жыныстық қалып-
тасу аномалиялары кездесіп отырады. Ол жыныстық морфологиялық (анатомиялық),
эндокринді, генетикалық немесе жартылай не толық сексуальды-психологиялық
инверсиясына байланысты. Жыныс толық генетикалық, гонадты, соматикалық және
274


психологиялық сәйкес болған жағдайда ғана бала қалыпты дамып, дұрыс әлеуметті-
психологиялық қалыптасады. Бұл жағдайда изосексуальдылық деп атайды. Жыныстық
қалыптасуының аномалиясында бұл сәйкестік болмайды және ол жағдайды анықтау үшін
«гетеросексуальдылық» немесе «интерсексуальдылық» деген терминдер қолданылады.
Жыныстық даму құбылысын бақылаған кезде дәрігер пубертаттық өзгерістердің
пайда бола бастауын бағалайды. Қыз балаларда жыныстық жетілу 8 - 8,5 жасынан ерте
біліне бастайды, ал ер балаларда 10 - 10,5 жасында басталады. Егер одан да ерте біліне
бастаса, баланы арнайы эндокринологиялық тексеруден өткізу керек. Отбасылы тұқым
қуалайтын, кеш басталатын жыныстық жетілуді, ауру деп санауға болмайды. Ер балаларда
14 жасқа дейін, қыз балаларға 12,5 - 13 жасқа дейін кешігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет