Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Балаларды маман дәрігерлердің кешенді қарауын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет272/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Балаларды маман дәрігерлердің кешенді қарауын ұйымдастыру.
Емханада
алдын-ала қарауға жататын балаларды 3 топқа бөледі: 
1.
Мектеп жасына дейінгі балалар, мекемелеріне бармайтын 7 жасқа дейінгі балалар.
2.
Мектеп жасына дейінгі, балалар мекемесіне бармайтын балалар.
3.
Мектеп жасындағы балалар.
Бірінші топтағы балалар үшін емханада алдын алу (профилактикалық) күнін бөліп,
сол күні мамандар тек сау балаларды қабылдайды. Бұл күндері маман-дәрігерлер 2
сменада жұмыс істейді. Мамандардың қабылдауына талонды күні бұрын бөлімшелік
дәрігерге немесе мейірбикеге таратып беріп қояды.
Балалар мекемелеріне баратын балалар (бұған мектепке және мектепке дейнгі
мекемелерге баратын балалар да кіреді) маман-дәрігерлермен сол жерде қаралады. Егер
балалар мекемесінде балалар аз болса, онда оларды, күні бұрын жасалған кесте бойынша,
(арнайы бөлінген уақытта) емханада қарауға болады. Әртүрлі ауытқулар анықталған
балалардың ата-анасы шақырылып, оларға баласын сауықтыру бойынша кеңес беріліп,
қажет болса емдеуге жіберіледі. Кешенді қарауды ұйымдастыру жұмысы, балалар
емханасы жүргізетін балаларды диспансеризациялаудың бір бөлігі ғана, бірінші кезеңі.
Екінші жауапты кезең болып, ауытқулар анықталған балаларды емдеу және сауықтыру
шараларын ұйымдастыру, яғни диспансерлік бақылауға алу, болып табылады.
Диспансеризация 
алдын ала денсаулықты сақтау талаптарына сай келетін жұмыстың
ең бір жетілген әдісі. Диспансерлік жұмысқа сау және ауру балаларды диспансерлеу
жатады. Диспансеризация жасына, денсаулығына, анықталған ауруына қарай жүргізіледі.
Диспансеризация – бұл баланың жағдайы мен саулығының даму деңгейіне динамикалық
бақылау, дамыған лабораториялық, құрал-жабдықтық зерттеулер арқылы баланың
денсаулығындағы ауытқуларды ерте анықтап, уақытылы сауықтыру және қалыптастыру
шараларын жүргізу және баланың дұрыс дамуына тиімді жағдай жасау. 
Диспансеризация сатылы жүргізіледі: 
І – емхана бақылауындағы балаларды кешенді
бағалау өткізіледі; ІІ – патологиялық ауытқулар анықталған балаларға емдеу-сауықтыру
шараларын ұйымдастыру. Санақ арқылы алдын-ала қарауға мына топтар бойынша
жоспарланады:

нәрестелер;

мектеп жасына дейінгі ұйымдасқан ұжымдардағы балалар;

мектеп жасына дейінгі балалар, мекемелеріне ұйымдаспаған балалар;

16 жасқа дейінгі оқушылар.
Бұл бақылауды іске асыруда көңілді негізінен 3 жасқа дейінгі және 1-ші сыныпқа
баратын балаларға аударады. Диспансеризация ҚР денсаулық сақтау министрлігі №219
05.04.2007 жылы бекітілген «Балаларды алдын-ала қарауды жүргізу» жетілдірлген
әдестемелік нұсқау (Астана-2007) негізінде 
(49 кесте)
жүргізіледі.
Алдын-ала қарауды келесі түрлерге бөледі: баланы тұратын мекеніне байланысты
немесе балалар мекемесінің дәрігерінің қарауы; дәрігерлік қараудың алдында кейбір
функциялық-диагностикалық зерттеулер жүргізілетін терең алдын-ала қарау; маман
дәрігерлер бригадасы баланың денсаулығын бағалайтын, кешенді алдын-ала қарау.
Алдын-ала қарау жүргізгенде міндетті түрде 3 саты қарастырылу керек:
1.
Дәрігерге дейінгі сатыда балалардың денсаулық жағдайына скрининг
ұйымдастырылады. Ол үшін арнайы анкеттік тест-сұрақ қолданылады.
2.
Педиатриялық сатыда педиатр (отбасылық дәрігер / жалпы тәжрибелі дәрігер)
дәрігерге дейінгі мәліметтерді талдап, қарайдыда, балының десаулығына баға береді.
Бұл саты дәрігерлік-педагогикалық сипатты болады. Бұл сатының жүргізілуіне
285


психологиялық статусты, оқуға және оқуға бейімделуге функциялық дайындығын
бағалау мақсатында педагог, психолог қатынасады.
3.
Диспансеризацияның арнайы сатын жеке мамандар бригадасы жүргізеді.
Алдын-ала қарау аяқталғаннан кейін денсаулық жағдайына кешенді баға беріліп,
денсаулық жағдайы туралы қортынды жасалады. Баланың денсаулық жағдайы бойынша
қортындыға қауіпті факторлар бар-жоғы, дене және нервтік-психикалық дамуы,
резистенттілігі, динамикалық бақылау тобын анықтау кіреді. Қортындыда санитарлық-
гигиеналық ережені сақтау, күн ережесі, физикалық тәрбие және шынықтыру, психолого-
педагогикалық шаралар, алдын ала егу, аралық жағдайлардың және аурулардың алдын алу
бойынша ұсыныстар енеді.
Динамикалық медициналық бақылау тобын анықтау үшін, дәрігер балалар
денсаулығын кешенді бағалау жолымен 5 топқа бөліп, тиісті бақылау жүргізеді. 
Балаларды әртүрлі жаста алдын-ала қарау алгоритмі 33 кестеде берілген.
Дене (физикалық) дамуын центильді кестелер
(5 - 20 кестелер)
бойынша, ал басқа
мүшелерді (нервтік-психикалық, жыныстық даму, тері, сүйек бұлшық ет, тыныс алу,
жүрек-тамыр, асқорыту, несеп жүйесін, шеткі қан жүйесін және т.б.) оқулықтың алдыңғы
жақта тиісті бөлімшелерді қарап, білуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет