Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ



Pdf көрінісі
бет280/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

1.9.1. БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Табиғи тамактандыру
Табиғи тамақтандыру
деген ұғым тек қана емшек емізу деген түсініктен кеңірек
болып келеді, үйткені оның құрамына қосымша тамақ беру реті туралы түсінікте кіреді.
1991 жылы ДДҰ отырысында төмендегі терминдер бойынша келісімге келген
болатынды:
«Тек қана емшекпен тамақтандыру» –
емшек сүтімен емшекті емізіп тамақтан-
дырумен қатар анасының және сүт ананың сауылған сүтін алғашқы 4-6 ай бойына беру.
«Көбіне емшекпен тамақтандыру» –
жоғарыдағы сияқты, оған қоса аздап су
немесе басқа сусындар береді.
«Толық емшекпен тамақтандыру» –
тек қана және көбіне емшекпен тамақтандыру
ұғымдарын қамтиды.
«Толық емес (қосымшаланған) емшекпен тамақтандыру» –
емшекпен
тамақтандырумен қатар, жасанды сүт қоспаларын немесе 4-6 айдан бастап 30 г артық қою
қосымша тағамдар беру.
«Шыныдан тамақтандыру» –
жасанды тамақтандырудың баламасы болып
есептелінеді, тамақтандыру тәсіліне байланысты шыныдан кез келген тағамдық
қоспалармен (оның ішіне сауылған емшек сүті де кіреді) тамақтандыру.
Қазақстандағы табиғи тамақтандыруды қолдау бойынша барлық бағдарламалардың
негізінде
«Ваbу fгіеndli һоsріtаl»
деп аталатын ДДҰ және ЮНИСЕФ бағдарламалары
жатады. Осы бағдарламалардың және халық-аралық табиғи тамақтандыруды қайта дамыту
қозғалысының негізгі құжаты болып, осы қозғалыстың «тиімді табиғи тамақтандырудың
он қағидасы» деп аталатын бағдарламасы есептелінеді.
ТИІМДІ ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ ОН ҚАҒИДАСЫ
(ДДҰ / ЮНИСЕФ-тің біріккен мәлімдемесі (1989 ж.))
295


Жаңа туылған нәрестелерге күтуді ұйымдастыратын кез келген перзентхана мен
ауруханалар міндетті:
1. Табиғи тамақтандырудың белгіленген тәртіптерін қатал ұстап, медициналық
қызметкерлер мен босанатын және босанған әйелдерді осы тәртіптер туралы жүйелі
түрде хабардар етіп отыру.
2. Медициналық қызметкерлерді табиғи тамақтандыруды практикалық жүйеде
қамтамасыз ету үшін қажетті дағдыларға оқытып-үйрету.
3. Барлық екі қабат әйелдерді табиғи тамақтандыруды артықшылығы мен тәсілі бойынша
хабардар ету.
4. Босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта аналарға нәрестені емізе бастауға
көмектесу.
5. Аналарға, тіптен уақытша сәбилерінен бөлек болса да, қалай емізу және лактацияны
қалай сақтау керек екендігін көрсету.
6. Медициналық қажеттілік болған жағдайдан басқа уақытта нәрестеге ешқандай тамақ
пен сусын бермеу.
7. Ана мен жаңа туылған баланың тәулік бойына бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету.
7. Нәрестені кестемен емес талабы бойынша тамақтандыруды мадақтау.
8. Жаңа туған емшек еметін нәрестеге ешқандай тыныштандыратын дәрі-дәрмек және
емшекті имитациялайтын құралдар (еміздік және т.б.) бермеу.
9. Табиғи тамақтандыруды қолдайтын топ құруды мадақтау және сол топтарға
перзентханадан немесе ауруханадан шыққан аналарды жолдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет