Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Оқушы балалардың денсаулығына медициналық бақылауды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет277/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Оқушы балалардың денсаулығына медициналық бақылауды ұйымдастыру
және оларды сауықтыру:
мектеп жасындағы балалардың денсаулығына медициналық
бақылауды ұйымдастыру кең көлемді шаралар жиынтығынан тұрады:
1. Оқушыларды медициналық зерттеу;
2. Дәрігерлік-педагогтік байқау, мектепте дене тәрбиелік-сауықтыру шараларын жүргізу;
3. Ауру мен жарақаттанудан алдын-ала сақтандыру;
4. Сабақ өтетін жерлердің тазалық-гигиена және өту жағдайларын қадағалау;
5. Оқушылармен санитарлық-ағарту және медициналық-кеңестік жұмыстар жүргізу.
Оқушылардың медициналық тексеруі ҚР ДСМ 2005 жылғы №219 бұйрығына сәйкес
жүргізіледі.
1.8. Психопатиялық дамуды анықтау шектері (критериялары) және дұрыс
тәрбиелемеу түрлері.
А.Е. Личконың анықтамасы бойынша психопатиялық даму – тұлғаның әлеуметтік
ортаның жағымсыз әсеріне немесе созылмалы психикалық жарақаттардың нәтижесіне
байланысты, және тұлғаның преморбидтік фоны қалыпты жағдайдың шеткі варианттары-
на сәйкес болғанда, байқалады. Шеткі және тұрақтылығы төмен қалыпты жағдайдың
түрлері байқалғанда, мінез акцентуациясы пайда болатын психопатияның қалыптасуына
жағымды жағдай жасайды, бірақ айқын біліну үшін, төменгі ортаның жағымсыз әсерінің
үш жағдайы сақталуы керек:
1. Ол акцентуацияның осы түіне айтарлықтай маңызды, ең төмен қарсылық көрсететін
аймағына бағышталған болуы керек;
2. Ол айтарлықтай ұзақ немесе көп рет қайталанған болуы керек;
3. Ол мінезінің қалыптасуының күйзеліс кезеңе келуі, яғни, көбіне ол жасөспірімдік
кезеңге келеді.
Жасөспірімдік кезеңде ең жиі кездесетін әсер – дұрыс тәрбиелемеу. 
Гиперпротекция
(артық тамыр-таныстық) ең ауыр түрінде толық бақылаусыздықпен білінеді, бірақ көп
жағдайда қамқорсыздықпен, мінезінің бақылаусыздығымен сипатталады, соның
салдарынан баланың рухани өмірі өз-өзімен қалады.
Жасырын гипопротекция
мінезі және барлық өмірін бақылау бар сықылды
болғанмен, тек ресми түрде ғана жүреді. Жасөспірім ересектердің онда жұмыс жоқ екенін,
олар оған масыл ретінде қарап, мүмкін болғанда, одан құтыла салатынын сезеді. Әдетте
жасөспірім ресми бақылаудан айналып өтуге қалыптасады да, жасырын өзінің құпия өмір
сүруге үйренеді. 
Басыңқы гиперпротекция.
Әрбір қадамына шектен шыққан бақылау, әрбір істегісі
келген ізіне тізбектелген бақылау жасөспірімнің өзіне деген сенімсіздігін тудырады.
Бұндай қысымнан бала «маған ештеңе жасауға болмайды, басқаларға бәрін болады» деп
ойлайды. Гиперпротекиця өз бетімен шешім қабылдау, міндетін түсіну сезімін
төмендетеді. Гипертимді жасөспірімдерде гиперпротекция эмансипация реакциясының
өршуіне алып келеді. Бір мезгілде бұндай жасөпірімдер ата-аналарына қарсы тұрып, өзінің
түсінігі бойынша «барлығын істеуге болады» деген аәлеуметтік (асоциальды) топтарға
қосылғысы келеді. Психостениялық сенситивті және астено-невротикалық акцентуациясы
басым гиперпротекция жасымөспірімдерге мүлдем басқаша әсер етеді. Өзбетінше іс
істемейді, өз-өзіне сенбейді және шешім қабылдай алмайды.
Бағындырғыш гиперпротекция. 
Ол шектен тыс қорғаштаумен, кішкене қиындықтан,
іш пыстыратын және қолайлы емес міндеттерден босануға тырысады, түкке тұрмайтын
талаптарын асқақтатады. Әрқашан бірінші болуын және өзіне керек нәрсені еш
қиындықсыз алуына көмектеседі. Мұндай тәрбиенің нәтижесінде бала өз мақсатына жету
үшін көп талаптанбайтын болады және жүйелік еңбектен бас тартатын болады. 
293


Еркімен жіберетін гиперпротекция.
Ол шектен тыс қолдаушылықпен, өз баласын
кішкенеде қиындықтардан босатуға тырысуға және нақты қабылетін артық көрсетіп,
мадақтап көзге көрінбейтін талантымен таңқалып, артық етіп көрсетуге байланысты
өнемейін көптің назарына түсуді, ынтасы түскен нәрсені жеңіл қолға түсіруге икемдеп
тұратын эгоцентрикалық үміт қалыптасады. Бұндай тәрбиенің нәтижесінде бір жағынан
қоршағандарға жоғары деңгейде талап қойғыш болса, екінші жағынан жүйелі қызмет істеу
дағдысы болмайды және алдына қойған мақсатқа жетуде жігерсіз болады.
Қатігез қарым-қатынас жағдайы.
Қатыгез қарымқатынас сәл ғана қателер үшін
қатігезді түрде жазалаумен ашық білінуі мүмкін. Кейде баладан «өшін алуға» дейін баруы
мүмкін. Әдетте қатігез қатынас барлық жағдайда орын алады: бір-біріне немқұрайлы
қарау, тек өзін ғана қамқорлау, басқалардың көңіліне қарамау, басқаларға көңіл аудармау,
олардың қажеттілігіне көңіл бөлмеу, бұл жағдайда әркім өз-өзімен болып, бір-біріне қол
үшін беру деген болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет