Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ДЕНІ САУ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ



Pdf көрінісі
бет278/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

1.9. ДЕНІ САУ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Жойылған энергияны толықтыратын және негізгі зат алмасуды қамтамасыз ететін
заттарды организм тамақпен қабылдайды. Сонымен қатар, адам организміне тамақпен
тканьдар құруға кажетті құрылыс (пластикалық) материалдар түсіп отырады. Бұның,
әсіресе, өсіп келе жатқан организм үшін маңызы үлкен. Түбінде баланың денсаулығын,
дұрыс өсіп, жетісуін анықтайтын бірден-бір фактор болып келеді.
Емшек жасындағы бала үшін негізгі тағам ана сүті. Оның кұрамы айтарлықтай
өзгермейді. Бірақ, оның құрамы ананың тамағының құрамына тығыз байланысты.
Емшектен айырылғаннан кейін баланың тамағының құрамы өзгерімпаз болады.
«Физиологиялық тамақтану» деген термин тағамдық рационмен тиісті жастағы
баланың қалыпты өмір сүруін, оның даму және өсуін қамтамасыз етуді қарастырады.
Балалардың физиологиялык тамақтануының ересек адамдардың физиологиялық
тамақтануынан айырмашылығы, оның өсумен дамуды қамтамасыз етуге бағытталуында.
Балалық шақ диетологиясы (нутрициологиясы) ең бірінші даму диетологиясы
(нутрициологиясы) болып келеді.
Балалық шақтың ерте кезеңінде, кейінгі кезендерге қарағанда, нерв және ми
тканьдарының толық жетілуін, сүйек тканіның, тамырлардың, каңқа бұлшық еттерінің,
миокардтың, репродукциялық, эндокриндік аппараттарының дамуын диетологиялық
тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері өте жоғары болып келеді. Кіші мектеп, тіптен үлкен
мектеп жасындағы балаларды темір, селен, йод, мырыш, кальций және тағы басқалармен
сүтпен тиімді деңгейде қамтамасыз етудің өзі баланың ақыл-ойының, тіреу-қимыл
аппаратының қалыптасуында айтарлықтай ақаулар пайда болуын әкеліп соқтыруы мүмкін.
«Тамақтандырудың үйлесімділігі (адекваттылығы)» тағамдық рационының жеткілікті
және үйлестірілгендігімен қатар, әртүрлі жастағы балаларда өзгеріп отыратын, көптеген
қосымша шарттарды сақтауды қамтиды. Тағамдарды таңдау, оларды кулинарлық өңдеу
тәсілі көлемі немесе консистенциясы, дәмділігі, осматикалық немесе иммуноаллергиялық
сипаты баланың жасына немесе жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін.
Бұндай құбылыс, тіптен, тамақтың құрамы мен оның үйлесімділігі жоғары деңгейде
болғанда да байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет