Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Акушериялық ауруханаларда нәрестелер бөлімшелерінің жұмысын



Pdf көрінісі
бет317/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Акушериялық ауруханаларда нәрестелер бөлімшелерінің жұмысын
ұйымдастыру және оның қағидалары.
Қазіргі кезде перинатальдық көмекті ұйымдастыру (оның ішіне неонатальдық көмек
те жатады) үш деңгейлі күрделілікпен жүргізіледі. 
Бірінші деңгей
– ана мен балаға көмектің қарапайым түрлерін көрсету: жаңа
туылған нәрестеге алғашқы көмек, қауіпті жағдайын анықтау, ауруларын ерте анықтап,
басқа ЕПМ-леріне жіберу.
Екінші деңгей 
– қалыпты және асқынған босануларда барлық қажетті медициналық
көмектермен қамтамасыз ету. Бұл деңгейдегі медициналық мекемелерде жоғары
деңгейдегі мамандар және құрал-жабдықтар болуы керек. Бұл жерде өкпені жасанды
желдендірудің қысқаша курсы, ауыр науқастардың және ауыр шала туылған нәрестелердің
жағдайын клиникалық тұрақтандыру іске асып, үшінші деңгейдегі ауруханаларға
жеткізілуі керек.
Үшінші деңгей 
– күрделіліктің кезкелген дәрежесінде медициналық көмек көрсету.
Бұндай мекемелер жоғары деңгейдегі мамандармен, лабораториялармен, қазіргі кезең
талабына сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек.
Перзентханаларда нәрестелер бөлімшелері босанғаннан кейінгі акушерлік керуеттер
санының 110% есебінен жасақталады. Босанғаннан кейінгі физиологиялық және
331


обсервациялық бөлімшелерде нәрестелер «ана мен бала» түрлі бөлмелерде орналасады.
Сонымен қатар, бұл бөлімшелерде анасымен болуға болмайтын (мысалы кесер тілігімен
алынған балалар) балалар үшін бөлмелер жабдықталады.
Физиологиялық бөлімшелерде шала туылған немесе әртүрлі ауытқулармен (тұн-
шығу, мидың зақымдалуы, тыныс бұзылыстары көріністерімен туылған нәрестелер үшін)
нәрестелер қарқынды ем палатасы жабдықталады. Бұл палаталарға басқада ауыр ауытқу-
лармен туылған нәрестелер орналастырылады. Күнделікті жұмыста бұндай бөлмелер
босанғаннан кейінгі бөлімшелердің керует санының 15% деңгейінде қарастырылады.
Обсервациялық бөлімшедегі нәрестелік керуеттер саны басанғаннан кейіңгі
керуеттер санына сәйкес келеді және барлық аруханалық (перзентханадағы) нәрестелік
керуеттер санының 20%-нан кем болмауы керек. Обсервациялық бөлімшелер басқа
нәрестелер бөлімшелерімен байланыспайтын болулары керек, мүмкіндігінше басқа
қатарларда орналасқаны жөн. Бұл бөлімшеде зерртеуден өтпеген аналар балалары, бұл
мекемеге туылғаннан кейін келіп түскен сәбилер, физиологиялық бөлімшеден аналары
науқастанып қалуына байланыты ауыстырылған нәрестелер, өте ауыр ақаулармен туылған,
ата-анасы бас тартқан нәрестелер және басқалар жатады. Іріңді қабынулы аурулар
байқалатын нәрестелер диагноз қойылған бойда соматикалық немесе хирургиялық
арухунуларға аударылады.
Нәрестелер бөлімшелерінде емшек сүтін пастеризациялайтын, БЦЖ вакциналарын,
гепатит В қарсы қолданылатын вакциналар, таза киім-кешек сақтайтын бөлмелер,
санитарлық бөлмелер, құрал-жабдықтар сақтайтын бөлмелер болуы керек. Бөлімшелерде
нәрестені құндақтайтын жылытылатын, реанимациялық шаралар жүргізуге бейімделген
стөлдер болуы керек. Құндақтайтын стөлге жақын жерде нәрестелерге күтім жасауға
қажетті жабдықтар орналасқан стөл болуы керек: ауызы кең, тығыны тығыз, 95% спиртке
арналған шыны, стерильді маймен 30 мл флакон, қолданылған материалдар үшін ыдыс
(лоток), стерильді корцангтар мен пинцеттер. Бір рет қолданылатын пластикалық кіндік
қысқышы. Құндақтайтын стөлге жақын жерде таразы қойылған (электронды) тумбочка
орналасады. Сонымен қатар, нәрестелерге жедел көмек көрсетуге қажетті жабдықтар
болуы керек.
Перзентханалардың нәрестлер бөлімшелерінде текқана стерильді киім-кешектер
қолданылады, ал жаңа бұйымдар залалсыздандырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет