қалыпты фенотиптен түрлi ауытқулар деп анықтама бередi. Ол диатездердi: тұкым қуалай-
тын аллергиялық, дисметаболикалық, ағзалық және нейротопикалық деп 4 түрге бөледi.
Педиатрияда осы ғасырдың 20-ші жылдарынан бастап 4 түрлi диатез белгiлi:
экссудативтi-катаральдық, лимфатикалық-гипопластикалық, нервтi-артриттiк және
аллергиялық. Шынында, алғашқы үшеуi конституция ауытқулары. Олар жетiлу кезiнде кей
жүйелерге аса зор салмақ жүктелуiне байланысты туатын («зорығу») организм
функциясының ауытқуы. Тек қана атопиялық диатез өз атына дәл жауап бередi.
Көрсетiлген конституция ауытқуларын (диатездердi) арнайы бөлiп қарау, оларға жеке
диагноз қою, сәби және мектеп жасына дейiнгi балалардың белгiлi жағдайын тiкелей
көрсету, осыған байланысты, оларды тиiстi тамақтану, режим, алдын ала егу және емдеудi
кешендi ұйымдастыру үшiн керек.
Достарыңызбен бөлісу: