Гнейстi нәрестелiк себорреядан ажырата бiлу керек; соңғысы туған соң 1-2-шi аптада
көрiнедi, ол май бездерiнiң шамадан артық қызметiне байланысты (
«сәби тақиясы
»).
ЭКД-дiң көрнектi белгiсiне бастағы, беттегi «
сүт-кабық»
(ол жылылыққа байланысты
қызарып, кейiн бет терiсiнiң түлеуiне ұласады, салқын кезде азаяды), салмақтың дұрыс
қосылмауы, кеуде мен аяқта эритематозды-папула және эритематозды-везикула тектес
бөртпелер, строфулюс (қышитын, серозды түйіндер) жатады.
Бұндай ауруларда «географиялық тiл», созылыңқы конъюктивит, блефарит, ринит,
тыныс жолдары қатарының обструктивтi синдромы, анемия, зәрде эпителиальдық клетка-
лардың молдығы (түлеу белгiсi), үлкен дәреттiң тұрақсыздығы сияқты көрiнiстер болады.
Ауруда iсiну, енжарлық, лимфатикалық-гипопластикалық диатез сипатына (iсіңкі
habitus немесе арық, мазасыз, терiсi нәзiк, көзi жайнак, кiрпiктерi ұзын) және басқа нерв-
артриттiк диатезiне (М С. Маслов бойынша эретикалық habitus) ұқсас белгiлер байқалуы
да мүмкін.
ЭКД ағымы толқымалы, қайталамалы, көбiнесе емдәм бұзуға байланысты (бұл
емшектегi баланың анасына да қатысты), алайда, бұған метеорологиялық факторлар,
интеркурренттік аурулар, лямблиоз, дисбактериоз, алдын ала егу де себеп болуы ықтимал.
2-ші жастың соңына таман ЭКД көрiнiстерi, әдетте, азаяды да, бiрте-бiрте жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: