Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЭКД-нiң иммундық емес формалары



Pdf көрінісі
бет407/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ЭКД-нiң иммундық емес формалары: 
Либераторлық вариант: 

гистамин мен биологиялық белсендi заттардың белсенуi либераторларға
байланысты, соңғылары көбiне тағамдық аллергендер;

аллергиялық реакциялар жүру типi бiрден (жедел немесе рецидивті есекжем,
Квинке iсiнуi, бронхоспазм түрiнде); 
Гистаминазалық вариант: 

қанда гистаминазаның белсендiлiгi төмен, қанның гистаминопексия белсендiлiгi
төмен, лизоцим титрi, комплемент, фагоциттер белсендiлiгi төмен; 
Клиникасы.
Сәби өмiрiнiң алғашқы айынан-ак терi қабатының базданып, терiнiң өзi
бозғылт, құрғақ болуы, ал басына
гнейс
-майлы себореялық қабыршақтар шығуы тән.
410


Гнейстi нәрестелiк себорреядан ажырата бiлу керек; соңғысы туған соң 1-2-шi аптада
көрiнедi, ол май бездерiнiң шамадан артық қызметiне байланысты (
«сәби тақиясы
»).
ЭКД-дiң көрнектi белгiсiне бастағы, беттегi «
сүт-кабық»
(ол жылылыққа байланысты
қызарып, кейiн бет терiсiнiң түлеуiне ұласады, салқын кезде азаяды), салмақтың дұрыс
қосылмауы, кеуде мен аяқта эритематозды-папула және эритематозды-везикула тектес
бөртпелер, строфулюс (қышитын, серозды түйіндер) жатады.
Бұндай ауруларда «географиялық тiл», созылыңқы конъюктивит, блефарит, ринит,
тыныс жолдары қатарының обструктивтi синдромы, анемия, зәрде эпителиальдық клетка-
лардың молдығы (түлеу белгiсi), үлкен дәреттiң тұрақсыздығы сияқты көрiнiстер болады. 
Ауруда iсiну, енжарлық, лимфатикалық-гипопластикалық диатез сипатына (iсіңкі
habitus немесе арық, мазасыз, терiсi нәзiк, көзi жайнак, кiрпiктерi ұзын) және басқа нерв-
артриттiк диатезiне (М С. Маслов бойынша эретикалық habitus) ұқсас белгiлер байқалуы
да мүмкін.
ЭКД ағымы толқымалы, қайталамалы, көбiнесе емдәм бұзуға байланысты (бұл
емшектегi баланың анасына да қатысты), алайда, бұған метеорологиялық факторлар,
интеркурренттік аурулар, лямблиоз, дисбактериоз, алдын ала егу де себеп болуы ықтимал.
2-ші жастың соңына таман ЭКД көрiнiстерi, әдетте, азаяды да, бiрте-бiрте жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет