Болжамы. Әдетте, жағымды. Дұрыстап емдесе бала сауығып кетеді.
Паратрофияның алдын-алу жүктіліктің барысындағы ауытқулардың алдын алу,
патологияларды мерзімінде анықтап емдеу, туылғаннан кейін сәбилерге дұрыс тамақтан-
дыруды қамтамасыз етіп, күту ережелерін сақтап, салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.
Диспансеризация . 2 аптада 1 рет дәрігер қарап, қажет болса, жекелеген мамандармен
кеңес ұйымадстырып, қан анализін, копрограмма, қант мөлшерін анықтаудан тұрады.
5.3. ГИПОВИТАМИНОЗДАР Этиологиясы . Витаминдер тапшылығына себепшi жағдайларын 2 негiзгi топқа
бөледi: 1) экзогендiк (сыртқы), бiрiншiлiк (алиментарлық) авитаминоздар мен
гиповитаминоздарға әкелетін себептер; 2) эндогендiк (iшкi).
Алиментарлық (экзогендiк) гиповитаминоздардың дамуы төмендегi жағдайларға
байланысты: ұзақ мезгiл тек сиыр (С, В тобы, РР, Д витаминдерiнiң тапшылығы) немесе
ешкi сүтiмен (фолаттар кемiстiгi) қоректендiру; көкөнiстiк қосымша тамақ, шырындардың
кеш енгiзiлуi, олардың дұрыс дайындалмауы; көкөнiс пен жемiстердiң аз қолданылуы (С
гиповитаминозы); рационда көмiрсулар молдығы, әрi олардың тазаланған, калориясы көп
тағамдарын – қант, ақ нан, кондитерлiк өнiмдерiн (Д, В
1
, С гиповитаминоздары)
қолданғанда; ұзақ уақыт майы аз қоспалармен қоректендiру (майда еритiн витаминдердiң
тапшылығы – А, К, Д және С); таза вегетериандық тамақтанумен қоса тағамда жануарлар
белогын аз болуы (В
12
, Д, В
2
); тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және даярламау (қайта
қыздыру, қайнату, ұзақ мезгiл дұрыс сақтамау т.б.). Ерекше топқа «дәрiлiк» гиповита-
миноздар жатады, көбiнесе оған «кiнәлi» дәрiлерге сульфаниламидтер мен триметоприм
(фолаттар кемiстiгi), дифенин мен фенобарбитал (Д, К, В, С), изониазид (В
6
),
антибиотиктер (К), антацидтер (темiр, кальций, фосфат кемiстiгi), дигиталис (Мg, Са
425
кемiстiгi), минералдық майлар (майда еритiн витаминдер – А, Е, К – тапшылығы),
пеницилламин (В
6
) жатады.