қиындайды, ентігу байқалады, демін ысқырып шығарады, себебі экссудаттын
жинақталуына байланысты. Бронхтардың зақымдалуы жайылмалы болғандықтан, қатқыл
тыныс және сырылдар барлық өкпеде естіледі. Ентігу көбейген сайын дем шығарған кезде
кеуденің жұмсақ жерлері тартылып, өкпе кебеді, пероральды цианоз байқалады, терісі
бозғылт, бала мазасызданады, өкпенің көлемі ұлғаяды, себебі баланың кеудесі барлық
уақытта дем алу жағдайда болады.
Аурудың ағымы 7-12 күн. Перкуссия жасағанда тимпаникалық дыбыс анықталады.
Рентгенограммада түбір айналасындағы өкпенің суреті күшейеді, қабырғалардың
горизонтальды орналасуы, яғни өкпенің үрілу белгілері байқалады.
Ажырату: обструктивті, аллергиялық аурулармен, бөгде денелердің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: