Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет459/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

6.2.2. СЕГМЕНТАРЛЫ ПНЕВМОНИЯЛАР
Пневмонияға
қосылған “
сегментарлы”
деген терминін процесстің орналасқан
орынын анықтау үшін емес 
(бұл жағдайда өкпедегі барлық процесстер сегментарлы неме-
се полисегментарлы болады
), ол бронхтардың өткізу мүмкіншілігінің бұзылуы жағдайын-
да бір немесе бірнеше сегменттермен шектелген қабыну процессінің белгілі бір сапалық
қасиетін белгілеу үшін қолданулуы керек.
Сегментарлы пневмониялар, жақсы дене және
жүйке-саналық даму көрсеткіштері бар, бір жастан асқан балаларда жиі кездеседі.
Сонымен қатар 1 жасқа дейінгі балаларда, ал, кейде жана туған кезенде де кездесуі
мүмкін. Пневмонияның бұл түрі барлық пневмония түрлерінің ішінде 4-10% құрайды.
Сегментарлы пневмониялардың этиологиялық факторы болып табылады. 
Клиникасы.
 
Жедел респираторлы вирусты инфекция басталғаннан кейін 3-6 күннен
соң ауыр басталып, жедел дамиды. Дене қызуы 39-40
о
дейін көтеріледі. Қүрт токсикоз
пайда болады, кейде эксикоз белгілері білінеді, терісі сұр тартып, бозарады, кейде мрамор
түстенеді, айқын білінген тыныс және жүрек-тамыр жетіспеушілігі байқалады. Жөтелі
құрғақ, жөтелгенде көнірдек, бронх бойы аурады, сиректеу жөтелі жұмсақ, ылғалды болуы
мүмкін. Қиналып, ыңқылдап дем алады.
Перкуссия кезінде өкпе бетінде өкпе дыбысының қысқарғаны, өкпе сегментінің
қабыну процесімен зақымдалған аумағына сәйкес перкуссиялық дыбыстың тұйықталғаны
байқалады. Аускультация кезінде өкпенің бұл бөліктерінде тыныстың әлсірегені, кейде
бронхиальды немесе амфоралық үннің қосылғаны байқалады. Әдетте инфильтрация
кезінде өкпеде сырылдар естілмейді. Іштің кебуі, нәжістің сұйықтануы, құсу, бауырдың
өсуі сияқты диспепсиялық өзгерістер болуы мүмкін.
Қан жағынан аурудың жедел кезінде лейкоцитоз (лейкоциттер саны 20-35*10
9
және
одан жоғары, солға ығысқан нейтрофилез: таяқша ядролы (20-25% дейін), миелоциттер (4-
5%) және жас (2-3% дейін) ЭТЖ көп ұлғаяды (сағатына 35-72 мм-ге дейін), норма немесе
гипохромды анемия дамиды, γ - глобулиндер фракцияларының көп көбеюі (17-22 % дейін)
дифениламин реакциясы мен С-реактивті белоктардың деңгейінің жоғарлағаны
анықталады. Осы деректер қабыну процессінің ауырлығын, организмдегі тотығу немесе
алмасу процесстерінің терең бұзылыстарын көрсетеді. 
Сегментарлы пневмония ауруларын анықтауда рентгенологияның зерттеудің үлкен
маңызы бар, онда анық сегментарлы шекаралары бар интенсивті гомогенді қараюлар
байқалады. Қараю өкпенің бір, екі және одан көп сегменттерінің немесе бүкіл бөліктің,
бірнеше бөлігін алады, қабынған инфильтративті процесс жиі оң өкпенің жоғары бөлігінде
(1, 2 сегменттер), оң және сол өкпенің төменгі бөлігінде (8, 9, 10 сегменттер), тіл
сегменттерінде орналасады. Процесс көбіне бір жақты болып келеді. Сегментарлы
пневмония кезінде абсцесс түзілетін өкпе тканінің деструкциясы, ірінді-фибринозды
плеврит, пиопневмоторакс сияқты асқынулары пайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет