тері жамылғысы және кілегей қабықтарында цианоз пайда болады. Гипоксемия жүрек
бұлшық еттерінің вагустық әсерге сезімталдығын жоғарылатады, ал, ол жүрек
жұмысының кұрт әлсіреуіне, кейде жүректің тоқтап қалуына дейінгі жағдай туғызады.
Козғалыс қозғыштығы, дірілдеу, кома, естен тану, гипертермия, анық бозару, кезеңді
түрдегі тыныс алу, тахикардия болуы мүмкін. Гиперкапния әсерінен демікпе күшейеді, ми
тамырлары кенейеді, ми сауыты ішінің қысымы көтеріліп (қатты бас ауру пайда болады)
вагус жүйесінің қозуы күшейеді де, брадикардия пайда болып, жүрек ырғағы бұзылып,
жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Гиперкапнияның әсерінен тері тамырлары кенейеді (тері
гиперемиясы) жүрекке түсетін салмақ ұлғаяды.
Калий мен хлоридтер азаяды. Бүйректің қан ағысының жылдамдауына байланысты
гиперкапнияның әсерінен газды ацидоз қосылады. Себебі, ацидоз гемоглобин мен
оттегінің байланыстылығын төмендетіп, оттегінің өкпеден тканьдерге тасымалдауын
тежеп, тіндегі демалыс құбылысын шектейді. Айтылған патофизиологиялық өзгерістер,
орталық жүйке жүйесі, жүрек, бауыр, бүйрек өте сезімтал болып келетін, оттегінің
жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Тін демалысының бұзылуы клеткалардың демалыстық
ферменттерінің активтілігінің әлсіреуіне байланысты.
Токсикоз гипоксиясымен қосылып, бала организмінің қорғаныс күштерін төменде-
теді, спецификалық иммунитетті әлсіретеді немесе толық тежейді. Мүшелердегі трофика-
лық және дегенеративтік өзгерістердің пайда болуына, эндогенді гипервитаминозға,
алмасу ауытқуларына және тағы басқа бұзылыстарға әкеліп, соқтырады. Жаңа туылған
сәбилердің және преморбидті жағдайы нашар балалардың иммунитеті әлсіз және
адаптациялық қорғаныс механизмі жетілмеген болғандықтан, пневмония өте ауыр және
ұзақ дамитын болып келеді. Ерте жастағы балалардың өкпе қабынуының морфологиялық
және рентгенологиялық көріністерінің әртүрлігі түсіндіріледі.
Бала организмінің реактивтілік қабілетінің өзгерістерін жастық және жекелік
ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Егер бала организмінің конституциялық-аллергиялық бейімділігі бар гиперэргиялық
реакциясы болса, туғаннан кейін-ақ жедел басталатын және күшті динамикалық круппоз-
ды (бөлікті, сегментті, көп сегментті) пневмония дамуы мүмкін. Егерде бала организмінің
реактивтілігі әлсіресе, онда емшек жасындағы балаға тән ошақты пневмониялар жиі пайда
болады. Балалар жедел пневмониясының жіктелісі
73 кестеде
берілген.
73 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: