Өкпе іріңдіктері (абсцестері): оның 2 фазасын ажыратады:
1) ірің инфильтрациясы мен абсцесстің орын алуы;
2) өкпе абсцесстерінің бронх немесе плевра қуысына таралуы.
Абсцессте баланын бұған дейін де ауыр халі нашарлай түседі: енжарлық, селқостық,
анорексия артады, тер ағу, баланың түрі қуарып сұрланып, бет-әлпеті үшкірленеді; ентігу
күшейе түседі, пульс жиілеп, оның толымы нашарлайды; жүрек үндері көмескіленеді. За-
қымдалған жағында перкуторлық дыбыс қысқарып, әр түрлі ылғалды сырылдар естіледі.
Ал, абсцесс бронхта жарылса, амфоралық тыныс, ылғалды сырылдар ерекшеленіп,
естіледі, өкпенің абсцессінен болған қуыс тұсы перкуссияда тимпаникалық дыбыс береді.
Бала жөтелгенде, көп және жаман иісті, ірінді қақырық шығады. Қақырық біраз тұрған
соң, тұнып, екіге бөлінеді: астынғы жағы – біртүсті, қоюлау, жоғарғы қабаты – шырышты-
көбікті. Сәбилер қақырмайтындықтан (олар қақырықты көбіне ішке жұтады), оны құсық
арасынан көруге болады; абсцесс стафилакокктен болса, ішек жұмысы бұзылады. Абсцесс
жарылып, тазарғаннан кейін, ауру халі біршама оңалады, қызу түсіп, токсикоз азаяды.
Абсцесс екі өкпеде де болса, ауру халі өте нашарлап, гектикалық қызу шығып,
сандырақтайды, тыныс алуы қиындап, оның үстіне үздіксіз азапты жөтел (кейде құсу)
қосылады.
Абсцесстер мен буллалар диагнозын қою үшін міндетті түрде рентген тексерісі керек.
Онда бір немесе бірнеше қуыстар табылады, олар, әдетте, плевра астында, шеті анық
көмкерілуі, ал ірінді сұйық көлденеңінен көрініп тұрады (тазаратын абсцесс). Абсцесстің
көлемі мен тұрған жерін анықтау үшін томография жасау керек (ол хирургиялық ем
тактикасына аса қажет).
Үдемелі медиастиналдық эмфизема
–
өкпе деструкциясының сирек асқынуларына
жатады. Бетте, иықта теріастылық симметриялық эмфизема пайда болады, аурудың
дауысы қарлығып, тыныс тапшылығы (ТТ) белгілері (ентігу, цианоз т.б.) үдейді.
Гемодинамика бұзылыстарының белгілері өрбуі ықтимал. Кеуде қуысында, мойында, иық
тіндерінде ауа барлығы рентгенмен анықталады.
455
|