Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жедел ағымды пневмониялар диагностикасы



Pdf көрінісі
бет468/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жедел ағымды пневмониялар диагностикасы.
Пневмониялар диагнозы сұрасты-
ру, клиникалық тексерулер, рентгенологиялық және лабораториялық зерттеулер нәтижесі-
не сүйеніп қойылады. Қосалқы аурулармен басқа жағдайлардың барлығына көңіл аудару
керек. 
ДДҰ бірінші шептегі денсаулық сақтау қызметкерлері үшін пневмония диагнозын
қою мен антибиотиктер қолдану шарттарына мыналарды ұсынған (1986): 
1. Жөтел. 2. Қабыраралық ойыстың ішке кіруі. 3. Сұйықтан бас тарту. 4. Тыныс
алуының минутіне 50-ден асуы (жастан асқан балалаларда 40-тан жоғары).
Пневмонияға күдік туса, баланы рентгенге түсіру қажет, себебі, кішкене балаларда
(әсіресе нәресте мен емшек жасындағыларда) бұл ауруға тән айқын белгілер өкпенің
суретінде (анық ошақтық, ошақтары өзара қосылған, сегментарлық және т.б. көлеңкелер)
аурудың клиникалық сипатынан ертерек көрінетін ескерген жөн. Клиникалық қан
анализдеріде өте қажет.
Ажырату диагнозы
.
Пневмонияны негізінен бронхиттер мен бронхиолиттерден
ажырату керек. Негізгі белгілері 
74 кестеде 
берілген.
74 КЕСТЕ
ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ ПНЕВМОНИЯНЫ АЖЫРАТУ ДИАГНОЗЫНЫҢ
ЖОБАСЫ (В.К. ТАТОЧЕНКО, 1980)
Пневмонияға тән
Пневмонияға тән емес
457


Дене қызуы 38
о
жоғары
Дене қызуының 38
о
жоғарлауы үш күннен 
аса
Цианоз
Ыңқылдап тыныс алу
Обструктивтік синдромсыз ентігу
Жөтел
Жергіліктенген белгілер: жергілікті ылғалды 
сырылдар, қатаң немесе әлсіреген 
бронхиальды тыныс, бронхофония, 
перкуторлық дыбыстың қысқаруы
Нейтрофильді лейкоцитоз 12×10
9
/л-ден 
жоғары ЭТЖ 20 мм/ сағаттан жоғары
Дене қызуы 38
о
төмен
Дене қызуының38
о
жоғары, бірақ үш 
күннен аз
Цианоз жоқ
Ыңқылдап тыныс алу жоқ
Обструктивті синдром
Жөтел жоқ
Шашыранды құрғақ және ылғалды 
сырылдар (оның ішінде ұсақ 
көпіршіктілеріде бар)
Қан сынағы көрсеткіштері қалыпты
Пневмонияларды ең алдымен респираторлық аллергоздар, тыныс жолдары бітелулері
(бөгде денелер, аспирация, кейде ларингоспазм, кеңірдектің даму ақаулары), плеврит,
туберкулез, гельминтоздардағы өкпе өзгерістерінен, ал крупозды түрі, тіпті барлық
бөліктік пневмониялар, аппендицит, ішек бітелісі, перитонит, менигит тәрізді кеселдерден
ажыратылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет