Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет473/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ІІ. Құрысу синдромы:
1
.
Құрысуға қарсы дәрілер:
Седуксен (0,5% ерте және
мектепке дейінгі кезеңде 0,07-0,1 мл/кг, одан ересек жастарда 0,05-0,07 мл/кг, бірақ 2 мл-
ден артық болмау керек), Магний сульфаты (25% ертінді 0,2-0,5 мл/кг тәулігіне
новокаинмен бұлшықетке), Натрий оксибутираты (20% ертінді көктамырға немесе б/етке
50-120мл/кг, орта есеппен 0,5 мл/кг). 
Гангиоблокаторлар: 
Пентамин (5% ертінді, бір жасқа дейін – 2-4 мг/кг, бір жастан
асқасын – 1-2 мг/кг), Бензогексоний (2,5% ертінді, бір жасқа дейін –1-2 мл/кг, 1 жастан
асқасын – 0,5-1 мл/кг) қолданылады.
Инфузиялық ем (дегидратация) 
ми шеменін жоюға және ми қанайналымын жақсар-
туға бағышталады: көктамырға 10-15% альбумин ертіндісі 5-10 мл/кг, концентрациялан-
ған плазма, осмодиуретиктер: маннит 15% ертінді (1кг дене салмағына 1г құрғақ зат
есебінен); Эуфиллин – 2,4% ертінді (0,1-0,15 мл/кг); егер ми шемені өкпе шеменімен
қосарланса, маннит қолданылмайды. Белоктік ертінділерден кейін 10% глюкоза ертіндісі
калий ертіндісі мен инсулин тағайындалады. Көк тамырға глюкозмен панангин (1 мл/кг 1
ретке) жіберіледі.
Гормонотерапия
негізінен преднизалон (1-2 мг/кг, ауыр жағдайларда 3-5 мг/кг-ға
дейін), дексеметазон (0,6 мг/кг, ауыр жағдайларда 1-2 мг/кг-ға дейін ) қолданудан тұрады.
Сонымен қатар, гидрокартизон да (5-10 мг/кг), көбіне ингаляциялық жолмен,
қолданылады.
Витамнотерапия
ретінде Аскорбин қышқылы 5%, рутин, В тобы витаминдері
қолданылады. 
Кальций препараттары:
Кальций хлориді (10% ертінді, 1 жасқа дейін – 2,5-5 мл; 2-4
жаста – 5-8 мл; 5-10 жаста – 10 мл; 10 жастан асқанда – 15 мл, тек қана көктамырға,
глюкоза немесе физиологиялық ертіндіге араластырып жібереді). Қан қысымының 60 мм
с.б. төмен болуы ӨЖЖ ауыстырудың көрсеткіші болып келеді.
Жүрек жетіспеушілігі. 
Корглюкон (0,06% ертінді, 2 жасқа дейін бір реттік мөлшері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет