Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет472/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Антибиотикотерапия

емнің ең маңызды бөлігі. Антибиотиктерді вирусты
пневмонияда немесе бактериалды пневмонияның алдын алу үшін қолдану ұсынылмайды. 
А.
 
Бактериальды пневмонияда антибиотиктер қоздырғыштардың сезімталдығына
байланысты қолданылады. Басқа альтернативті антибиотикке ауыстыру бактериоло-
гиялық зерттеулер нәтижесінде немесе шамалап, 48 сағат бойында клиникалық
тиімділіктің болу немесе болмауына сәйкес жүргізіледі. Аурудың ауыр түрлерінде
антибиотиктер көктамырға немесе бұлшықетке жіберіледі.
Б. Хламидиялармен шақырылған пневмонияларда макролидтер тобына жататын
антибиотиктер (азитромицин, эритромицин, ровамицин) қолданылады.
В. Цитомегаловирустармен шақырылған пневмонияларда арнайы антицитомегаловирус-
ты иммуноглобулин қолданылады.
Г. Жәй герпес вирусымен шақырылған пневмонияда негізінен ацикловир қолданылады.
Д. Пневоцисттылы пневмонияда жоғары дозада котримаксол (триметоприм 8 мг/кг және
40 мг/кг сульфаметоксазол көктамырға 8 сағат сайын немесе күніне 3 рет) 3 апта
бойына тағайындалады.
Е. Ұсақ саңырауқұлақтар этиологиялы пневмонияда: итраконозол 5 мг/кг/күнге 14 к8н
бойына немесе амфотерицин Б (0,5 мг/кг/доза күніне 1 рет 10-14 күн бойына)
қолданылады.
460


Ж. Антибиотиктер көп мөлшерде қолданылғанда микоздың пайда болуының алдын алу
үшін итраконазол, 5 жастан асқан балаларға, 5 мг/кг тағайындалады. 
Негізгі патологиялық синдромдарды емдеу
І.
 
Гипертермиялық синдром
:
Физикалық әдістер – денесін спиртпен, сірке суымен
ысқылау, үлкен тамырлар маңына (желкесіне, қолтық астына, шабына, бауыр маңына)
салқын су басу, салқын ауамен үрлеу (вентилятордан салқын ауа айдайды) және т.б.
Дәрілік әдістер: 
Пневмонияны емдеу хаттамасы (р - 012) бойынша қызба 38,5
о
асса
парацетамолбен (емшек жасындағы балаларға 0,025-0,05, 2-5 жаста 0,1- 0,15 г, 6-12
жаста 0,15-0,25 г (10-15мг/кг) әрберілгенде, күніне 4 ретке дейін қолданылады) түсіру
ұсынылады. Сонымен қатар, «Цефекон» балаузы, Найз (1,5мг/г 2-3 рет), балалар үшін
Нурофен (5 мл суспензияда 100мг ибупрофен бар, ішуге 6-12 айда 2,5мл-ден тәулігіне
3-4 рет, 1-3 жаста 5мл-ден 3 рет, 4-6 жаста 7,5мл-ден күніне 3 рет, 7-9 жаста 10мл-ден 3
рет, 10-12 жаста 15мл-ден тәулігіне 3 рет), Ацелизин (тәуліктік дозасы барлық жаста 10-
25мг/кг ацетилсалицил қышқылын құрайды, немесе 0,1-0,25мл/кг дайындалған ертінді
есебінен беріледі (тәуліктік доза 2-3 қабылдауға бөлінеді), Анальгин (50% ертіндіден
0,1мл/кг), Колдрекс (6-12 жаста 1 таблеткадан күніне 4 ретке дейін), Литикалық қоспа
(пипольфен 2,5% – 1,0 + Аминазин 2,5% – 1мл + Новокаин 0,25% – 8 мл: осы қоспадан
0,3-0,4 мл/кг есебінен (күніне 3-4 рет болады) қолданылады. Егер әсері байқалмаса,
антипиритиктерді 1,5-2 сағаттан кейін қайталауға болады. Қатерлі гипертермияда
жүргізілген емге Дроперидол (0,25% -0,1 мл/кг) қосу нәтижесін жақсартады.
Гипертермияның барлық емі оксигенотерапиямен қатар жүргілуі керек.
Гипертермияның бұл емі көмектеспейтін қатерлі гипертермия ӨЖЖ ауыстыру көрсеткіші
болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет