Строфантин (0,05% ертінді, 2 жасқа дейін бастапқы бір реттік дозасы 0,01мг/кг, 2-6 жаста
–
0,008 мг/кг (0,016 мл/кг), 7-14 жаста
–
0,006 мг/кг (0,012 мл/кг).
Сонымен қатар, клиникалық жағдайға байланысты келесі жүрек гликозидтері
қолданылады:
Дигоксин
(0,1мг таблеткада, 0,25мг (0,00025г), 0,025% ертінді 1мл-ден
ампулада шығарылады, көктамырға жіберу үшін қанықтыру дозасы шала туылған
нәрестелерге – 0,04-0,05мг/кг, мерзімінде туылған нәрестелерге – 0,05-0,07мг/кг, 2 жасқа
дейін – 0,07мг/кг, 2 жастан асқан балаларға – 0,05мг/кг). Қолдаушы дозасы қанықтырушы
дозаның 1/3 –1/5 бөлігін құрайды. Парэнтеральды қолданғанда, доза ішетін дозаның 80%
құрайды.
Целанид (
шығарылуы 0,25мг таблетка, 0,05% - 10мл флаконда, ампула 0,02%
1мл
)
.
Көктамырға енгізгенде, шала және мерзімінде туылған нәрестелерге 0,02- 0,03мг/кг,
1-айдан 2 жаста – 0,04, 2 жастан асқанда – 0,03- 0,04мг/кг. Қолдаушы дозасы қанықтыру
дозасының 2 жасқа толғанша – 1/4-1/5, 2 жастан асқасын 1/4-1/6 бөлігін құрайды.
Панангин, кокорбаксилаза (5-8мг/кг), В, С тобының витаминдері, Поляризациялық
қоспалар (100 мл 10% глюкоза ертіндісіне 2 бірлік инсулин, 4 мл 7,5% калий хлориді
қосылады), Фуросемид (1-2мг/кг), Преднизолон (тәуеліктік ритм ескере отырып, 2-3-4
мг/кг есебінен) тағайындалады.
Өкпе шемені.
1.
Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыптастыру
;
2.
Көбікке қарсы ем.
Құрамында 30-40% спирттің немесе антифомсиланның буы бар
ылғалдағышқа немесе Бобров аппаратына құйылған газ қоспасымен бет пердесі
арқылы 25 минут бойына ингаляция жасау;
3.
Оксигенотерапия.
Гипоксия үдей түсетін болса, науқасты Грегори әдісі бойынша (қа-
зір SPAP әдісіменде жасайды) тұрақты оң қысыммен дербес демалуға ауыстырады.
4.
Зәр жүргізетін дәрілер:
Фуросемид (2-4 мг/кг көктамырға бір рет);
5.
Эуфиллин
5-10-20 мг/кг 2,4% ертіндісі қолданылады;
6.
Арфонад.
Ересек жастағы балаларға 200мл физиологиялық ертіндіге 100мг есебінен
қолданылады. Арфонадты енгізу кезінде ортостатикалық колапстың алдын алу үшін
керуеттің бас жағын төмен түсіріп қою керек
Достарыңызбен бөлісу: