▪ Өршу кезеңінде қажеті болса бронхоскопия жасап, жергілікті антибиотик және анти-
септикалық дәрілер жіберіп, бронхтар саңалауларын тазалайды;
▪ Қолданғаннан кейін вибрациялық массаж және постдуральды дренаж жасауды қажет
ететін муколитикалық дәрілердің маңызы үлкен
(106 сурет)
. Міндетті түрде ЕДШ
қолдану керек;
▪ Лор мүшелерінің ауруларын емдеу, ауыз қуысын санациялау керек;
▪ Емнің оталау тәсілі аурудың ауырлық дәрежесіне, консервативті емнің тиімділігіне,
баланың жасына және асқынуларына сәйкес жеке шешіледі;
▪ Муковисцидоздың, алғашқы иммундық тапшылықтың, Картагенер синдромының,
ағымының барысында пайда болған бронхоэказаларға әдетте, емнің оталау әдісі
қолданылмайды;
▪ Бронхоэктазия байқалатын барлық балалар емнің санаториялық сатысынан өтуі керек.
Жергілікті пневмосклероз.
Бронхоэктатикалық ауру сықылды жергілікті
пневмосклерозда жедел пневмонияның, бөгде денелердің аспирациясының, туа біткен
немесе пайда болған ателектаздың жағымсыз ақыры болуы мүмкін.
Склеротикалық процесс бір немесе бірнеше сегменттік бронхтың дистальды бөлімін
және перибронхиальды тіндерді қамтып, өкпе тінінің зақымдалған аймағының тыртықты
семуіне әкеледі. Жергілікті пневомсклероз белгісіз өтуі мүмкін де, тек рентгенде – айқын
шекаралы гомогенді көлеңке – кездейсоқ табылатын белгі болып келеді. Бір сегменттің
склерозы сыртқы тыныс функциясына әсер етпейді. Полисегментарлы зақымдалуларда
рестриктивті бұзылыстар анықталады
.
7.4. ТУА БІТКЕН БРОНХ-ӨКПЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ АҚАУЛАРЫ
Өкпенің созылмалы ауруларымен ауыратын науқастардың 10%-да
бронх-өкпе
жүйесінің даму ақаулары
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: