Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Болжамы. Көп жағдайда қолайлы. Көмей ісінуінен кейін асфиксия дамуы мүмкін.  8.5. ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ



Pdf көрінісі
бет516/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Болжамы.
Көп жағдайда қолайлы. Көмей ісінуінен кейін асфиксия дамуы мүмкін. 
8.5. ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ
Көптеген авторлардың деректері бойынша балалардың 5% ауруханаға дәрілік емнің
қолайсыз әсерімен түседі.

дәрілік емнің асқынуы тағайындалған дәрілер санына тіке пропорциональды;

дәрілік заттардың кейбір топтарын қолданғанда, асқыну туындауында тұқым
қуалайтын және отбасылық ерекшіліктердің мәні;

дәрілердің қолайсыз әсері олардың фармакологиялық қасиетіне, дәрі сіңетін (асқазан-
ішек жолы), метаболизденетін (бауыр немесе басқа мүше) немесе шығарылатын
(бүйрек және т.б) мүшелердің жағдайына байланысты, өйткені олардың
зақымдалуында токсикалық әсер үдей түседі;

дәрілерді сақтау тәртібі мен мерзімін бұзу, өзіндік ем қолдану дәрілік терапияның
асқынуына әкелетіні дәлелденген.
Дәрілердің барлық қолайсыз әсерлері екі үлкен топқа бөлінеді .
І.
Болжауға болатын (дәрімен емдеудің асқынуларының шамамен 75-85%):

дәрілердің токсикалық әсері артық мөлшерде қолданағанда, метаболизмі, шығарылуы
бұзылғанда, туа пайда болған және жүре пайда болған мүшелер зақымдалуында,
дәрілік заттарды қосарлап қолданғанда дамиды;

дәрілердің кері әсері фармакологиялық қасиеттеріне де байланысты, қолданылған
препарат тек зақымдалған мүшеге ғана емес – басқа да мүшелерге әсер етуі мүмкін;
мысалы, Н1-гистаминоблокаторлардың М-холинолитикалық және седативті әсері;
бронхиальды демікпеде қолданған эуфиллиннің ОЖЖ стимуляциясы; цитостатикалық
емде лейкопоездің қажуы;

фамакологиялық қасиетіне байланыссыз екіншілік әсері дамуы; мысалы,
антибиотикпен емдегенде ішек дисбактериозы дамиды.
ІІ.
Болжауға болмайтын:

дәрілік аллергия;
499



идиосинкразия – науқастың генетикалық зат алмасу ерекшеліктері, олар дәріні көтере
алмаушылық пен оның кері әсерін анықтайды: мысалы, Г-6-ФД тұқым қуалайтын
жетіспеушілігі бар науқастарда қызу түсіретін және малярияға қарсы
сульфаниламидтер мен нафтихинолондарды қолданғанда гемолитикалық криз дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет