Болжамы. Көп жағдайда қолайлы. Көмей ісінуінен кейін асфиксия дамуы мүмкін.
8.5. ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ Көптеген авторлардың деректері бойынша балалардың 5% ауруханаға дәрілік емнің
қолайсыз әсерімен түседі.
дәрілік емнің асқынуы тағайындалған дәрілер санына тіке пропорциональды;
дәрілік заттардың кейбір топтарын қолданғанда, асқыну туындауында тұқым
қуалайтын және отбасылық ерекшіліктердің мәні;
дәрілердің қолайсыз әсері олардың фармакологиялық қасиетіне, дәрі сіңетін (асқазан-
ішек жолы), метаболизденетін (бауыр немесе басқа мүше) немесе шығарылатын
(бүйрек және т.б) мүшелердің жағдайына байланысты, өйткені олардың
зақымдалуында токсикалық әсер үдей түседі;
дәрілерді сақтау тәртібі мен мерзімін бұзу, өзіндік ем қолдану дәрілік терапияның
асқынуына әкелетіні дәлелденген.
Дәрілердің барлық қолайсыз әсерлері екі үлкен топқа бөлінеді . І. Болжауға болатын (дәрімен емдеудің асқынуларының шамамен 75-85%):
дәрілердің токсикалық әсері артық мөлшерде қолданағанда, метаболизмі, шығарылуы
бұзылғанда, туа пайда болған және жүре пайда болған мүшелер зақымдалуында,
дәрілік заттарды қосарлап қолданғанда дамиды;
дәрілердің кері әсері фармакологиялық қасиеттеріне де байланысты, қолданылған
препарат тек зақымдалған мүшеге ғана емес – басқа да мүшелерге әсер етуі мүмкін;
мысалы, Н1-гистаминоблокаторлардың М-холинолитикалық және седативті әсері;
бронхиальды демікпеде қолданған эуфиллиннің ОЖЖ стимуляциясы; цитостатикалық
емде лейкопоездің қажуы;
фамакологиялық қасиетіне байланыссыз екіншілік әсері дамуы; мысалы,
антибиотикпен емдегенде ішек дисбактериозы дамиды.
ІІ. Болжауға болмайтын:
дәрілік аллергия;
499
идиосинкразия – науқастың генетикалық зат алмасу ерекшеліктері, олар дәріні көтере
алмаушылық пен оның кері әсерін анықтайды: мысалы, Г-6-ФД тұқым қуалайтын
жетіспеушілігі бар науқастарда қызу түсіретін және малярияға қарсы
сульфаниламидтер мен нафтихинолондарды қолданғанда гемолитикалық криз дамиды.