Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БА-ның дамуына тікелей ықпал ететін ішкі түрткілер



Pdf көрінісі
бет527/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

БА-ның дамуына тікелей ықпал ететін ішкі түрткілер:
БА-ның дамуына генетикалық бейімділік.
БА
 
аддитивті-полигенді жолмен тұқым
қуалайтын, шектік (табалдырықтық) нәтижесі бар, клиникалық белгісі генетикалық және
қоршаған орта түтркілерінің қосарланған әсері шектік деңгейге жеткенде немесе одан
асып кеткенде, білінетін ауру. БА-ның тұқым қуалау негізі белоктік өнімі иммундық және
қабыну реакцияларына қатысатын «қалыпты» гендер аллельдерінің жағымсыз
қосарлануында жатады. Сонымен қатар, олар бронх реактивтілігін қадағалайды. Бұл
аллельдердің әрқайсысы жеке бөлек маңызды болмайды, дегенмен олардың әртүрлі
қосарлануы жекелеген адамдардың осы факторлар әсер еткенде ауыру мүмкіндігін
артырады. Қазіргі кезде БА-мен ауруға 100-150 ген жауапты деп есептеледі. Анасы БА-
мен науқастанатын балаларда БА-мен ауыру қаупі – 2,6 есе, әкесі ауыратын болса – 2,5
есе, екеуіде аурутын болса – 6,6 есе артық болады.
Атопия
.
 
Атопияға генетикалық бейімділік организмнің қоршаған ортаның төмен
мөлшерлі аллергендерге жауап ретінде IGE-ні көп мөлшерде түзу қабілетіне сәйкес
анықталады. Атопия ең негізгі фактор болып келеді де БА-мен ауыратын балалардың 70-
90%-да байқалады. Отбасылық шежіреде БА мен басқа аллергиялық аурулардың қосар-
лануы, жеке ауыр атопиялық шежіренің анықталуы (атопиялық дерматит, жедел аллер-
гиялық реакциялар, аллергиялық ринит) БА даму қаупін шектен тыс көтеріп жібереді.
Бронхиальды гиперреактивтілік
. Тыныс жолдарының гиперреактивтілігі –
ересек адамдарда байқалмайтын, провокациялық түрткілердің әсеріне жауап ретінде,
бронх саңалауының өте жеңіл немесе күшті (пәрменді) тарылуы. Бронхтардың
гиперреактивтілігіне бейімділік генетикалық факторлармен анықталуы мүмкін.
Бронхиальды гиперреактивтілік құрсақішілік даму кезінде немесе интранатальды немесе
ерте балалық шақ кезеңінде респираторлық жолдардың зақымдалуынан және жиі
қайталаған респираторлық инфекцияның нәтижесінде, созылмалы аллергиялық процесс
қалыптасу барысында пайда болуы мүмкін. 
БА-ның өршуіне әкелетін немесе белгілерінің сақталуына ықпал ететін түрткілер –
тригерлер
. Тригерлер дегеніміз – бронхтардағы қабыну процессін қоздыру немесе/және
бронхтардың жедел тарылуын арандату арқылы БА-ның өршуіне әкелетін түрткілер.
Тригерлерді
арнайы (аллергендік)
және
бейарнамалық (аллергендік емес)
деп бөледі.
Балаларда ең жиі кездесетін тригерлерге аллергендермен қатынаста болу және
респираторлы вирусты инфекциялар жатады. Кейбір балаларда вакцинация (әсіресе
көкжөтелге қарсы) БА-ның пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Бала денесіне түскен
физикалық салмақ тыныс жолдарында гипервентиляция әсерінен тыныс жолдарының
секретінің температурасының, ылғалдығының және осмолярлығының өзгеруіне
байланысты гиперреактивті бронхтардың тарылуына (бронхоспазмның пайда болуына)
ықпал етеді. Гипервентиляцияда байқалатын гипокапния рефлекторлы түрде
бронхоспазмға әкеледі. Психоэмоциялық салмақ, гипервентиляциямен қатар, автономды
нерв жүйесін стимуляциялайтын нейропептидтердің (субстанция Р, β-эндофиндер, тамыр
активті интестинальды пептид және т.б.) түзілуіне ықпал ететін болуы мүмкін.
Қазіргі кезде демікпенің даму механизмін 4 бағытта қарастырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет