Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет528/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

І. Иммунопатология .
 
БА-да әртүрлі қоздырғыштарға жауап ретінде бронхтардың
тарылуының және реактивтілігінің себебі болып тыныс жолдарының инфекциялық емес
созылмалы қабынуы есептеледі. Антиген әсерінен CD4 рецепторлары бар Т-лимфоциттер
әртүрлі цитокиндер түзейтін, екі түрлі жасушаларға (Th1 жәнеTh2) жіктеледі. Th1-
лимфоциттер инфекциялық агентер әсерінен интерликин-2 және γ-интерферон түзейді. Th
2-лимфоциттер цитокиндер құрамы 4 және 5 интерлейкиндерден тұрады және атопияға
тән болып келеді. Цитокиндер және оларды түзетін жасушалар өзара кері байланыспен
байланысқан. ИЛ-4 және ИЛ-5 аллергиялық қабынудың дамуында өте маңызды болып
508


келеді. ИЛ-4 Ig G және Ig M түзілуін Ig E-ге ауыстырады. IgE-нің түзілуі аймақтық және
кілегей қабаттарда орналасқан плазматикалық жасушалармен (В-лимфоциттермен
активтелінген) түзіледі. Яғни, антидененің түзілуі жергілікті жағдайда жүріп, олардың
өздеріде әртүрлі тіндерді сенсибизациялауы мүмкін. Арнайы антигеннің IgE-
антиденесімен қайталап кездесуі бұрын пайда болған және стимуляцияланған липидттік
медиаторлардың (лейкотриендер, простагландиндер (ПГД2, ПГF2), ФАТ, тромбаксан
(Тх)F2) түзілуіне әкеледі. Тромбоциттер активтеу факторы (ФАТ) жанжақты проқабыну
әсерін тигізеді, тромбоциттердің агрегациясына, микроциркуляторлық бұзылыстарға,
нейтрофилдер мен эозинофилдердің көшіп-қонуына әкеледі.
ИЛ-5 әсері негізінен катиондық ақуыздары (МВР,ЕСР, ТND және басқалар)
жасушаларды ерітетін, тіптен төмен концентрацияның өзіндеде тіндерді бұзатын
эозинофилдерді активтеуге әсерін тигізеді. БА-ның патогенезінде жалпы және секреторлы
IgA-ның төмендеуінің маңызы үлкен. БА-ның дамуында негізінен ингаляциялық
аллергендер маңызды болғандықтан, sIg A-ның жетіспеуі кілегей қабығының кедергілік
қызметі бұзылып, аллергендердің енуіне ықпал етеді. sIg A-ның жетіспеуі, екі
иммуноглобулинде бронх клегей қабығының және бронхассоцияланған лимфоидты
тіндердің плазматикалық жасушаларымен түзілетін болғандыққан, компенсаторлық
жолмен IgE көбееді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет