лық шамасыздық дамып, мидың қан айналысы бұзылады. Бактериальдық эндокардит
дамуы мүмкін.
9.1.6. АОРТА КОАРКТАЦИЯСЫ
Аорта коарктациясы
– сол бұғана асты артериясының сағағының төмендегі
аортаны ң қысқа жерде туа болған тарылуы. Тарылу дәрежесі және ұзындығы әртүрлі
болуы мүмкін.
Коарктация жекелеген немесе кейде артериялық өзектің ашықтығымен қосарлануы
мүмкін. Өзек тарылған жерден төмен немесе жоғары (пре- немесе постдуктальды
коарктация) орналасуы мүмкін. Осыған байланысты ақауды 3 түрге бөледі:
1. Жекелеген коарктация.
2. Артериялық өзектің ашықтығымен қосарланатын коарктация: постдуктальды
(артериялық өзек ашықтығы шыққан жерден төмен орналасқан (преддуктальды)
артериялық өзек тарылған жерден төмен шығады.
3. Басқа ақаулармен қосарланған коарктация.
Сонымен қатар орналасуына байланысты екіге бөледі:
1. «Балалық түрі-бойына тарылу (тибулярлы тарылу) ААӨ-мен қосарланады.
2. «Ересек» түрі-ұзын жердің жекелеген коарктациясы.
Гемодинамикасы:
Аорта коарктациясында гипертониялық (коарктациядан жоғары
денесінде) және гипотониялық (тарылған жерден төмен – іш қуысы, аяқтары) жағдай
болуы мүмкін.
Клиникасы:
Ерте жастағы балаларда бірінші күннен бастап коарктация кейде бозару,
күрт ентігу, өкпесінде тұнбалы сырылдар пайда болуы сияқты өкпе-жүрек шамасыздығы-
ның белгілерімен анықталады. Жүрек шекарасы орташа немесе өте кеңейген, қатқыл
систолалық шу естіледі.
Қолында пульс кернеуі, сан артериясында, аяғының басында пульс әлсіреген немесе
анықталмайды.
Артериялық қысым қолында сынап бағанасы бойынша 160-200/30-100 мм болса,
аяғында өте төмендеп кетеді.
Балалардың аяғы мұздап, қыста тоңғақ келеді, тез шаршайды. Денесінің дамуының
пропорциясы өзгеріп, денесінің жоғарғы жағының еттері гипертрофияланса, төменгі
жағында гипортрофия пайда болады.
Экг-де
электрлік ось оңға ығысқан, оң қарыншаның гипотрофиясы, Т-
арақашықтығы изолиниядан төмен ығысқан, және тіркемелерде Т-тісшесі теріс болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: