Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет588/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көріністері.

Шағымдары
: кеуденің ауырсынуы, қызба, көңіл-күйінің
нашарлауы, әлсіздік, ашуланшақтық, ентігу, жөтел, шарасыз жартылай отыру қалпы,
даусының қырылдауы, ықылық ату, ішінің ауруы, құсу, тамақ ішуден бас тарту, бетінде,
мойнында ісіктің байқалуы, бозғылттық, кейде цианоз. 
Экссудаттың жиналуы және фибриннің шөгу белгілері
.
Ауырсыну синдромы: 
1. Тұрақты ауырсыну; 2. Кішкене балаларда ішінің ауруы, кебуі,
пальпация жасағанда ішінің ауруының артуы (әсіресе эпигастрияда); 3. Ересек балалар
ауырсынудың кеудесінде байқалатынын көрсетеді және оның сол иығына және мойнына
берілетінін атап көрсетеді; 4. Ауырсыну қалпын өзгерткенде және терең тыныс алғанда
арыта түседі.
Перикардтің үйкелу шуы
отырған балада жүрек негізінде төстің сол жақ қырында
естіледі. Шу стетоскопен басыңқырағанда немесе отырған баланы ілгері қарай
еңкейткенде жақсырақ естіледі. Шудың қарқыны нәзік экстратондардан дөрекі
систолодиастоликалыққа дейін болады (жаңа жауған «қардың сықыры»), сұйықтықтың
сипаты мен мөлшеріне байланысты емес.
Жүрек мөлшерлерінің ұлғаюы
– ең бірінші жүректің абсолютті тұйықтығында
байқалады, ал сұйықтық мөлшері айтарлықтай болса, шартты жүрек тұйықтығының
мөлшеріде арытады. Жүрек ұшы соғуы әлсірейді, жүрек тондары күрт тұйықталады.
Максимальды артериальдық қысым төмендейді, минимальды қысым – қалыпты немесе
жоғары болып келеді. Кейде парадоксальды пульс (пульстің соғуы тынысты ішке тартқан
кезде анықталмайды) анықталады. 
Жүрек қуыстарының басылу белгілері (гиподиастадия).
Жоғары қуыс вена жүйесінде веналық қысымның артуы емшек жасындағы балаларда
бас сүйегі ішіндегі қысымның көтерілуіне және неврологиялық белгілер кешенінің (құсу,
желке бұлшықеттерінің сіресуі, еңбегінің томпаюы және басқалар) пайда болуына әкеледі.
Мойын веналар, кубитальды веналар және қол басының веналараның ісінуі (томпаюы)
байқалады. Әдетте, тырнақтың және құлақ сырғалығының цианозы білінеді.
Гепато- және спленомегалия 
цианоздың пайда болуымен қатар жүреді, әдетте жүрек
жетіспеушілігінің көрінісі куәсі болып келеді. Бауырдың ұлғаюы басым келеді. Бауыр
қырының ауырсынғаны байқалады.
Ісіктер әуелі бетінде, содан кейін мойнында байқалады. 
Диагностикасы.
ЭКГ-де
тән өзгерістер жоқ. Тісшілер вольтажының төмен екенін,
Т-тісшесінің төмендеуі, анықтайды, ST сегментінің изосызықтан төмен ығысуы
байқалады. 
ЭхоКГ
перикард қуысында сұйықтық болғанда және айқын гиподиастолия
байқағанда маңызды диагностикалық әдіс болып келеді. Құрғақ перикардитте перикард
қуысында фибриноздық шөгіндіні анықтау қиынға түседі. 
572


Рентгенографияда
өкпе тамырлық суреті өзгермей, кардиомегалия анықталады.
Жүректің пульсациясы (рентгеноскопияда) төмендейді. 
Қосымша зерттеулер
(көрсеткіштері болса) қабыну процессінің активтілігін анық-
тау, себулер және серологиялық тексерулер, туберкулиндік сынамалар, иммунологиялық
зерттеулерді және басқаларды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет